қазақша · русский · english
 
 
 
26.11.2021

«Ұлы Даланың Ұлы тұлғалары: Әжібай батыр Найманбайұлы» конференциясы

 

2021 жылы 25 қарашасында Тарих және құқық институты, Саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасы «Тәуелсіздіктің 30 жылдығы» аясында «Ұлы Даланың Ұлы тұлғалары: Әжібай батыр Найманбайұлының тәуелсіздік жолындағы күрескерлік ерлігі мен өнегелі іс-қимылдары» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция болып өтті.

 

Әжібай батыр Найманбайұлының жоңғар басқыншыларына қарсы күрескерлік ерлігі мен өнегелі іс-қимылдарын талдау арқылы еліміздегі патриотизмді нығайтуға бағытталған конференцияны Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры Д.Н.Билялов, «Ер-Әжібай батыр» қоғамдық қорының Президенті Ж.Құдайбергенұлы ашып, пленарлық отырыста профессор, «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі Орталық Кеңесі, Төрағасының бірінші орынбасары Ө.О.Озғанбаев, ҚР ҰҒА Академигі М.Қ.Қойгелдиев, ҚР ҰҒА Құрметті академигі Т.О.Омарбеков, Қазақстан Республикасының Ұлттық Кеңесінің мүшесі, Қазақ Білім академиясының академигі Б.Г.Аяған, Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры З.Е.Қабылдинов, профессор А.Ш.Кадырбаев, тарих илимдеринин кандидаты, К.Тыныстанов атындагы Ысык-Көл мемлекеттік университеті доценті А.К.Каниметов, академик, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Б.Қалиұлы, ҚР ҰҒА академигі Б.Б.Кәрібаев және профессор С.Медеубекұлы сияқты зиялы қауым өкілдері баяндама жасап, оның замандастарының ерлігі мен өнегелі істері баяндалды.

 

   

 

   

 

   




Кері оралу