қазақша · русский · english
 
 
 
08.11.2021

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы» аймақаралық конкурс

 

2021 жылдың 5 қарашасында Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Абай атындағы Қаза құлттық педагогикалық университеті Тарих және құқық институтының Құқықтану кафедрасында студенттер мен магистранттардың «Бірге сыбайлас жемқорлыққа қарсы» тақырыбында аймақаралық онлайн презентация конкурсы өтті. Презентациялар конкурсына Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің заңтану, психология, құқық және экономика негіздері, бастауыш білім беру және АКТ, қолданбалы информатика мамандықтарының студенттері мен магистранттары қатысты.

 

М.Қозыбаева атындағы Солтүстік Қазақстан, Алматы Менеджмент Университеті (Almau), Санкт-Петербург Гуманитарлық кәсіподақтар университетінің Алматы филиалы, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, «Тұран» университеті, М.Есболатов атындағы ҚР ІІМ Алматы академиясы, Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің студенттері мен магистранттары Қазақстан Республикасында және шетелдерде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу шаралары жүйесінің мәселелері, құқықтық мемлекетті дамыту факторы ретінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлықтың психологиялық аспектілері бойынша презентацияларын ұсынды.

 

Іс-шара құқықтану кафедрасының меңгерушісінің Кошпенбетов Б.М. және спикерлер - қауымдастырылған профессорлар Сералиева А.М. мен Шаяхметова Ж.Б., Мынбаева Н.Б., аға оқытушы КазиеваА.Н., ҒЗИ басқарушы директоры Жұмағұлов Е.А., доцент З.Ш. Каракулова басшылығымен өтті. Конкурс жеңімпаздарына дипломдар табыс етілді.

 

   

 

   

 




Кері оралу