қазақша · русский · english
 
 
 
08.06.2021

«Атырау облысы тарихының өзекті мәселелері» тақырыбында аймақтық дөңгелек үстел

 

2021 жылғы 7 маусымда Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеттері бірлесе «Атырау облысы тарихының өзекті мәселелері» тақырыбында аймақтық дөңгелек үстел өткізді.


Дөңгелек үстелде «Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы-ректоры С.Н.Идрисов, Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры З.Қабылдинов, «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени мұражай-қорығы РМҚҚ директоры Ә.Мұқтар, Х.Досмұхамедов университеті «Мәңгілік Ел» ҒЗО жетекшісі А.Ахмет, Атырау облысы мемлекеттік архивінің директоры С.Қуаныш және Абай атындағы ҚазҰПУ профессорлары Ғ.Қ.Халидуллин, Б.С.Жұмағұловтар баяндамалар жасап, өңір тарихына қатысты ойларын ортаға салды. Бас қосуда бірлесе қолға алынып отырған көне заманнан бүгінгі күнге дейінгі Атырау облысының үш томдық тарихының басым бағыттары мен ұстанымдары айқындалды.

 

   

 

   

 




Кері оралу