қазақша · русский · english
 
 
 
09.04.2021

Абай атындағы ҚазҰПУ студенті қазақ күресінен ҚР Жастар біріншілігінде 3-ші орын алды

 

Абай атындағы ҚазҰПУ Тарих және құқық институтының 3-ші курс студенті Хамза Нұрсұлтан Қостанай қаласында өткен Қазақ күресінен Жастар арасындағы ҚР Чемпионатында 3-ші орын алып, жеңіс тұғырына көтерілді!

 

Хамза Нұрсұлтан - қазақ күресі мен дзюдодан спорт шеберлігіне үміткер, белбеу күресі, самбодан аудандық, қалалық және облыстық турнирлердің жеңімпазы. Ол - әр түрлі спорттық іс-шараларға тұрақты қатысатын біздің университетіміздің ең белсенді студенттерінің бірі.

 

Хамза Нұрсұлтанды жеңісімен құттықтай отырып, болашақта бұдан да жоғары жетістіктерден көреміз деп сенім білдіреміз.

 

  

 




Кері оралу