қазақша · русский · english
 
 
 
08.04.2021

«Жүз жасаған бәйтерек» Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойына арналған онлайн-дөңгелек үстел


2021 жылдың 8 сәуірінде Ғылым декадасы аясында Тарих және құқық институты Әлем тарихы кафедрасының меңгерушісі Дария Асымова мен оқытушы Айтолқын Дүйсенбайқызының ұйымдастыруымен «Жүз жасаған бәйтерек» тақырыбында Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойына арналған онлайн-дөңгелек үстел өткізілді. Аталған іс-шараға кафедраның ПОҚ құрамы мен студенттер, магистранттар және докторанттар қатысты. Профессор Жұмахан Нұрманбетқызы Жамбыл атамыздың өмір жолы мен естеліктері туралы айтып өтсе, профессор Ханзада Сутеева Жамбыл Жабаевтың кеңестік тарихнамада зерттелуіне қатысты материалдармен бөлісті. Кафедрамыздың құрметті оқытушысы, профессор Болат Жұмағұлов ақынның Ұлы Отан соғысы жылдарындағы шығармашылығы мен жауынгерлерді жігерлендіруге атқарған қызметін ерекше атап өтті.

 

Кафедраның жас оқытушылары Қасымов Мадияр және Мамырбаев Дидар жастарға арғалған «Жамбыл өнегесі» тақырыбында әңгіме өрбітті. Шараға «Тарих-дінтану» мамандығының 3 курс студенттері белсене қатысып, ақынның жыр-дастандарынан үзінді оқыды. Сұрақтар қойылып, ұтымды жауаптар алынды. Шара жоғары деңгейде өтті.

 

  

 

  

 

  




Кері оралу