қазақша · русский · english
 
 
 
09.03.2021

Қазақстан Республикалық жекпе-жек сайысы

 

2021 жылдың 27 ақпан - 4 наурыз аралығында Талдықорған қаласында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған жекпе-жек сайысынан жастар мен жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты болып өтті. Дәстүрлі спорттық чемпионатқа Абай атындағы ҚазҰПУ атынан Тарих және құқық институтының 1-курс студенті Кабдрахманов Тамирлан қатысып, 75 кг дәрежесі бойынша 1 орынды иеленді.

 

Чемпионат қорытындысы бойынша I-орын иеленген Тамирлан Кабдрахманов спорт шебері атағын иеленіп, Әлемдік чемпионатқа жолдама алды. Студентімізге сәттілік пен жаңа спорттық жетістіктер тілейміз!

 

   

 

   

 

 

 




Кері оралу