қазақша · русский · english
 
 
 
17.02.2021

Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына арналған әдеби-сазды кеш

 

2021 жылдың 16 ақпанында Абай атындағы ҚазҰПУ Тарих және құқық институтының ұйымдастыруымен, карантиндік режим талаптарын сақтай отырып «Мұқағали -мәңгілік ғұмыр» әдеби-сазды кеш өткізілді. Аралас форматта өткізілген кешті университетіміздің тәрбие жұмысы және әлеуметтік даму жөніндегі проректор Жанатбек Ішпекбаев ашып, ақиық ақынға арналып өткізіліп отырған шараға сәттілік тіледі.

 

Кеш барысында Мұқағали Мақатаевтың өмірінен сыр шертер кітап көрмесі ұйымдастырылып, ғибратқа толы ғұмыры мен отбасы және достары туралы видеоролик көрсетілді. Сонымен қатар, студенттер жырлаған әсем ән, күмбірлеген күй, текті сөз ұштасқан шара көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

 

Әдеби-сазды кештің басты мақсаты ақын өмірімен, шығармашылығынан мәлімет бере отырып, қазақтың қара өлеңінің құдіреті болғанымен таныстыру және ақын шығармашылығын насихаттау.

 

   

 

   

 

   

 

 

 




Кері оралу