қазақша · русский · english
 
 
 
20.11.2020

«Абай -дана, Абай-дара қазақта» тәрбие сағаты


2020 жылы 17 қарашада Абай атындағы ҚазҰПУ-дың тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес Тарих және құқық институтының «Құқықтану» кафедрасында 3 курс студенттері ұлы ақын және ойшылдың 175 жылдығына арналған «Абай -дана, Абай-дара қазақта» тақырыбында тәрбие сағатын ұйымдастырды.

 

Тәрбие сағаты құқықтану кафедрасының доценті Гүлжазира Мейірбекова мен құқық магистрі Құралай Тұрлыханқызының жетекшілігімен өткізілді. 3 курс студенттері Ізтілеуов Айбек, Елеусізов Нариман, Қалауова Дамели, Ермекова Күнайым Абай әндерін орындау және өлең оқу, қара сөздерді оқуда керемет дағдыларымен таланттарын көрсетті.

 

   

 

   

 

   




Кері оралу