қазақша · русский · english
 
 
 
12.10.2020

Абай атындағы ҚазҰПУ оқытушысы - "Педагогикалық бастама-2020" халықаралық байқауының абсолюттік жеңімпазы

 

Академик Т.С.Садықов атындағы Қазақстан тарихы кафедрасының аға оқытушысы, PhD Белоус Светлана, ТМД мемлекеттері-қатысушыларының үздіксіз педагогикалық білім беру жүйесінің жас оқытушыларының «Педагогикалық бастама-2020» атты ІІІ Халықаралық байқауына қатысты. Еуразиялық университеттердің қауымдастығының әр екі жылда өткізіп отыратын бұл байқауы биыл Ұлы Жеңістің 75-жылдығына арналды.


Байқау екі кезеңнен тұрды: сырттай кезең (2020 жылдың наурызынан қыркүйегіне дейін) және күндізгі кезең (онлайн-режимде 2020 жылдың 6-7 қазаны). Байқаудың мәресіне Ресей Федерациясынан, Белоруссиядан, Қазақстан және Қырғызстаннан 15 жас оқытушы қатысты. Мәреге қатысушыларға әріптестеріне шеберлік-сынып өткізіп және жеке «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы жас оқытушыларының қауымдастығы» мини-жобасын ұсынуы керек болатын.


Байқаудың қорытындысы «Қазіргі қоғамның жүйелік транформациясы жағдайындағы педагогикалық білім. Жас педагог - болашақтың мұғалімі» атты Екінші Бүкілресейлік педагогикалық форумда шығарылды. Белоус С.Г. байқаудың абсолюттік жеңімпазы атанып МПМУ серіктес-жоғары оқу орнында шетелдік тағылымдамадан өту құқығын иеленді.

 

   

 

   

 

   

 




Кері оралу