қазақша · русский · english
 
 
 
02.06.2020

31 мамыр - саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні

 

2020 жылдың 31 мамыры күні Алматы облысы, Жаңалық елді мекенінде Саяси қуғын - сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған шараға Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты жөніндегі департаменті, Тарих және құқық институтының профессор-оқытушылар құрамы саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған ескерткішке гүл шоғын қойып, тағзым жасады.

 

Сонымен қатар, саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған шарада музейдің директоры Әнес Ғарифолла, академик М. Қойгелдиев, т.ғ.д. Х. Әбжанов және Алаштанушы ғалымдардың қатысуымен дөңгелек үстел ұйымдастырылып, репрессия құрбаны Хасен Қожа-Ахметтің «Моя борьба с империей зла» атты кітабының тұсаукесері өтті.

 

   

 

   

 

   

 

   




Кері оралу