қазақша · русский · english
 
 
 
11.05.2020

Құқықтану кафедрасы «Ұрпақтар ұмытпайтын - Ұлы жеңіс» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді

 

2020 жылы 11 мамыр күні Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Тарих және құқық институты құқықтану кафедрасының аға оқытушысы Динара Белхожаева «6В042-Құқықтану» мамандығының 101 топ студенттерімен бірге «Ұрпақтар ұмытпайтын - Ұлы жеңіс» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді.

 

Биыл Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығы аталып өтілді. Қазіргі балалар соғыс не екенін білмейді, оларға Ұлы Отан соғысы туралы айту маңызды. Осыған орай, өткізілген тәрбие сабағының мақсаты жас ұрпақты тарихымызды тереңнен тануға баулу, Отан тарихына деген сүйіспеншіліктерін арттыру, жеңіс салтанатын көре алмай кеткен боздақтардың ерлік істеріне тағзым ету болды.

 

   




Кері оралу