қазақша · русский · english
 
 
 
28.02.2020

Өндірістік-педагогикалық іс-тәжірибенің қорытындысы бойынша конференция

 

2020 жылдың 27 ақпанында Тарих және құқық институты «Әлем тарихы» кафедрасының ұйымдастыруымен өндірістік-педагогикалық іс-тәжірибенің 3 курс студенттеріне арналған «Оқу-тәрбиелік педагогикалық практиканың қорытынды» конференциясы өтті.

 

Конференцияны Тарих және құқық институтының оқу ісі жөніндегі орынбасары Дария Асымова ашты. Ол өндірістік-педагогикалық іс-тәжірибенің студенттер үшін маңызды екенін атап көрсетіп, оларды өндірістік-педагогикалық іс-тәжірибені сәтті аяқтағандарымен құттықтады. Келесі сөз кезектері «Әлем тарихы» кафедрасының меңгерушісі Еркін Ермұханов, институт бойынша педагогикалық практикаға жауапты әдіскер, профессор Жұмахан Нұрманбетқызына, педагогикалық практиканың жетекшілерінің бірі, аға оқытушы Гүлқыз Жусанбаеваға берілді.

 

Педагогика және психология институты жалпы және қолданбалы психология кафедрасының аға оқытушысы Майра Қуанәлі студенттердің өндірістік-педагогикалық практика есебіне байланысты өз пікірін білдіріп, студенттер үшін бұл тәжірбиенің пайдалы болған деген сеніммен оларға болашақта білікті мамандар қатарында болуына тілегін білдірді.

 

Сөз кезегі 3-ші курс студент-практиканттары: Гүлсезім Хауметоваға, Данияр Құдайбергеновке, Азиз Байназарға, Умира Каримбаеваға берілді. Олар өздерінің іс-тәжірибені өту барысында сынақ және ашық сабақтарынан жинақтаған іс-тәжірбиелерімен бөлісіп, жұмыстарын слайд-шоу арқылы көрсетті.

 

Конференция барысында Әлем тарихы кафедрасының профессоры Жұмахан Нұрманбетқызы, Еркін Нуридинұлы, Гүлқыз Мұқаманқызы, Айнұр Қыстаубекқызы, Гулнара Темирбекқызы, Гүлнұр Мерекеқызы, Мадияр Сырымұлы қатысып, өз пікірлерін айтты және 3-ші курс студенттерінің барлық ашық сабақтары мен ашық тәрбие сабақтарына қатысып, талдап, пікірлерін айтып ортаға салды. Студенттерге, мектептің пән мұғалімдеріне, әдіскерлерге өз алғыстарын білдірді.

 

Институт бойынша педагогикалық практикаға жауапты әдіскер Жұмахан Нұрманбетқызы өндірістік-педагогикалық іс-тәжірибенің есебіне байланысты конференция жұмысын қорытындылап, студенттерді іс-тәжірбиені сәтті аяқтағандарымен құттықтап, оларға алдағы болашақ кәсіби қызметте сәттілік тіледі.

 

Қорытынды конференцияда студенттер өздерінің іс-тәжірибе барысында жасаған жұмыстарына есеп берді. Өндірістік іс-тәжірибе студенттердің мектеп мұғалімінің қызметімен толықтай танысуына, олардың өз болашақ мамандықтарына деген қызығушылығын арта түсуіне, әрі бұл мамандықтың қаншалықты жауапты мамандық екендігіне көз жеткізуіне мүмкіндік берді.

 

   

 

   

 

   




Кері оралу