«Да будет шоу»атты мерекелік кеш
2019 жылдың 29 қарашасында №5 оқу ғимаратының акт залында Жаратылыстану және география институтының Студенттік өзін-өзі басқару кеңесінің ұйымдастыруымен «Да будет шоу» тақырыбында мерекелік кеш өтті.
Шын мәнісінде, бұл Жаратылыстану және география институтының Студенттер күніне арналған кеші болды, ал кеш мақсаты - өнерлі жастарымызды анықтап, студенттердің таланттарын ашу. Мерекенің ашылуы институт түлегі Карабалаева Райханның құттықтау сөзімен басталды.
Кеш барысында 1,2 курс студенттері ән айтып, түрлі ұлт өкілдерінің биін билеп, өз өнерлерін көрермендерге паш етті. Сондай-ақ, қонақтарымыз қызықты ойын ойнап, кешті жандандыра түсті.
Кеш соңында «Студенттік ректорат» ұйымының студенттік ректоры Төрегелдиев Қуаныш Серікұлы және директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Нұрлан Манапов кештің жоғарғы дәрежеде өткенідігін айтып, өнерпаздарға және керемет кешті ұйымдастырған студенттік өзін-өзі басқару ұйымына алғыстарын білдірді.