
Жаратылыстану және география факультеті  | 
15.04.2019 
Ғылыми онкүндіктің аясындағы ғылыми семинар 
 11 сәуірде Ғылым онкүндігінің аясында Жаратылыстану және география институтының химия кафедрасы А.Б. Бектұров атындағы Химия ғылымдары институтының ион алмастырғыш шайырлар зертханасының меңгерушісі, профессор Т.К. Чаловпен профессор-оқытушылар құрамы және магистранттар, докторанттармен кездесу ұйымдастырып өткізді. 
 Ғалым «Өнеркәсіптік ағынды суларды тұщыту және тазарту үшін жаңа ион алмастырғыш полимерлер мен мембраналық технологияларды қолдану» тақырыбында дәріс оқыды. Қалдықтарды және өнеркәсіптік суларды тазарту үшін ион алмастырғыш мембраналарды синтездеу мәселелері талқыланды. Біздің өңір үшін су ресурстарының жетіспеушілігі мәселесі және олардың орнын толтыру әдістері талданды. Ион алмастырғыш полимерлер технологиясы және оларды пайдалануы туралы сұрақтар қойылды. 
 Магистранттар мен докторанттар дәрісті үлкен қызығушылықпен тыңдап, талқылауға белсене атсалысты. Ғалыммен кездесу жаңа мембраналық технологиялар туралы әртүрлі ақпараттар алуға мүмкіндік берді, қызығушылық танытқан жастарды А.Б.Бектұров атындағы Химия ғылымдары институтына жұмысқа шақырды. 
 
 Кері оралу  | 
| 
 050010, Қазақстан Республикасы 
 
 
 
  | 
 Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс) 8 (727) 390 60 05 
 Қабылдау комиссиясы/Call-центр: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04 8 (727) 291 57 68 
 Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау 
 
 
 
  | 
 «Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы 
  |