қазақша · русский · english
 
 
 
22.11.2025

 

 

 

 

 

Астана қаласында өткен XVII Республикалық пәндік олимпиадасында 6В05203-География мамандығының студенттерінен құралған «Алатау» командасы 1 орынды иеленді

 

Астана қаласында, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде, «В052 - Жер туралы ғылым» бағыты бойынша 18-19 қараша күндері студенттердің XVII Республикалық пәндік олимпиадасы өтті. Жаратылыстану және география факультеті, География және экология кафедрасы, 6В05203-География мамандығының студенттерінен құралған «Алатау» командасы топты жарып, тағы да 1 орынды иеленді. Қатарынан 2-ші жыл «үздік» атанып, биіктен көріну - үлкен мәртебе.


Команда мүшелері: Нұрбедел Айбол Серікұлы - 6В05203-география, 3 курс, Бупина Арайлым Нұрланқызы - 6В05203-география, 4 курс, Сақтаған Алматбек Мырзагелдіұлы - 6В05203-география, 4 курс және жетекшісі - аға оқытушы Искакова Райхан Тілектесқызын құттықтаймыз!


Жеңіс құтты болсын!




Кері оралу