қазақша · русский · english
 
 
 
03.10.2025

Жаратылыстану бағытындағы ғылыми жобаларға арналған ғылыми-практикалық конференция өтті

 

2025 жылдың 30 қыркүйегінде Алматы облысы, Талғар ауданы №39 жалпы білім беретін орта мектебінде «Жаратылыстану бағытындағы ғылыми жобалар: экологиялық қауіпсіздік пен инновациялық шешімдер» атты ғылыми-практикалық конференция өтті.


Іс-шара Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетімен жасалған ынтымақтастық меморандумы аясында, облыстық әдістемелік орталығы мен Талғар аудандық білім бөлімінің қолдауымен ұйымдастырылды. Конференцияға университеттің Химия, География және Биология кафедрасының профессор-оқытушылары мен докторанттары қатысты. Атап айтар болсақ, профессор Ахметов Нурлан, қауымдастырылған профессорлар Акказин Ержан мен Чинибаева Нуржан, доцент Касенов Солтанбек, қауымдастырылған профессор міндетін атқарушы Кулжанова Дина және Химия кафедрасының 1,3 курс докторанттары Мұхамбетәлиева Зухра, Кабжалелов Камиль. Жас ізденушілер өз ғылыми жобаларын ұсынып, білімдері мен шығармашылық қабілеттерін көрсетті. Жеңімпаздар І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен және ақшалай сертификаттармен марапатталды.

 

Химия пәні бойынша үздік деп танылғандар:

І орын - №39 жалпы білім беретін орта мектебінің 10-сынып оқушысы - Ерғазы Талшын.
ІІ орын - Талғар қаласы, №4 орта мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы - Коренченко Лера.
ІІІ орын - №19 орта мектеп-гимназиясының 9-сынып оқушысы - Темирова Камалия.

 

Биология пәні бойынша:

І орынды - №40 жалпы білім беретін орта мектебінің 11-сынып оқушылары -Бейсенбек Гүлнұр, Нағашбек Қарақат;
ІІ орынды - №39 жалпы білім беретін орта мектебінің 9-сынып оқушысы - Матхалыкова Айдана;
ІІІ орынды - №21 жалпы білім беретін орта мектебінің 10-сынып оқушысы - Әділ Рамазан иеленді.

 

География пәні бойынша:

І орынды - Ж.Жабаев атындағы жалпы білім беретін орта мектебінің оқушысы - Бауыржан Анель;
ІІ орынды - №39 жалпы білім беретін орта мектебінің 10-сынып оқушысы - Жанабай Ямура;
ІІІ орынды - И.Ф.Халипов атындағы №1 жалпы білім беретін орта мектебінің оқушысы - Попондопуло София алды.

 

Бұл жетістіктер - мектеп ұстаздарының еңбегінің, оқушылардың ізденісі мен талпынысының нәтижесі.

 

 

  alt=    alt=  

 

 

  alt=   




Кері оралу