
Жаратылыстану және география факультеті  | 
21.11.2017 
 2017 жылдың 20 қарашасы күні Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық университетінің Жаратылыстану және география институтының 622 дәрісханасында студенттік өзін - өзі басқару кеңесінің ұйымдастыруымен "Students day" атты мерекелік шара өтті. Шара шымылдығын институт директоры , география ғылымдарының докторы, профессор Каимулдинова Күләш Дүйсенбайқызы ашып, тілегі мен лебізін білдірді. Мерекелік шараға талантты, өнерлі 1 курс студенттері атсалысты. Мерекелік кеш барысында мың бұралған би, әуезді ән мен көтеріңкі көңіл-күй сыйлайтын әзіл -қалжынға толы көріністе көрсетіліп, бірнеше ойын түрлері ойнатылды. Мерекелік кеш соңында қорытынды сөзді институт директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Манапов Нұрлан Тұрсынбекұлы алып, пікірін білдіріп, түйіндеді. 
 
 
 
 
 
 Кері оралу  | 
| 
 050010, Қазақстан Республикасы 
 
 
 
  | 
 Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс) 8 (727) 390 60 05 
 Қабылдау комиссиясы/Call-центр: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04 8 (727) 291 57 68 
 Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау 
 
 
 
  | 
 «Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы 
  |