қазақша · русский · english
 
 
 
26.06.2017

 

Қайырымдылық ізгіліктің анық көрінісі

          «Жетім көрсең жебей жүр»-деп атам қазақ айтпақшы, Рамазан айның 21.06.2017 жылы Филология және көптілді білім беру институты Жалпы тіл білімі кафедрасының меңгерушісі ф.ғ.д., профессор Қ.Ө.Есенованың басшылығымен кафедра оқытушылары: ф.ғ.д., профессор М.Атабаева, Г.Қосымова, Ж. Балтабаева, Н.Ильясова, доцент  Г.Раева, Қ.Сейтәлиева  және кафедра докторанттары  Алматы қаласындағы №1 облыстық балалар үйіне барып, қайырымдылық іс жасап, балар үйінің бітіруші түлектерімен «Оразаның пайдалары» атты тақырыпта сұхбаттасып, балалардың  өмірге деген құштарлықтарын, қызығушылықтарын оятып қайтты. Балалар үйінің директоры Г.С. Қондыбаева ұжым атына ризашылығын білдіріп,  институт директоры ф.ғ.д., профессор Б.Әбдіғазиұлына өз алғыстарын білдірді.

Е.Молдасанов

 

 




Кері оралу