қазақша · русский · english
 
 
 
23.11.2025

 

«Мектепке дейінгі білім беру саласындағы озық тәжірибелер» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция

 

ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балаларды ерте дамыту институтының қолдауымен «Қарлығаш» балабақшасының 15 жылдығына арналған «Мектепке дейінгі білім беру саласындағы озық тәжірибелер» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізілді. Конференцияға Норвегия, Катар, Түркия, Әзербайжан, Қырғызстан, Армения, Беларусь, Ресей, ЮНИСЕФ өкілдері, сондай-ақ ҚР Оқу-ағарту министрлігі Мектепке дейінгі білім беру департаментінің, отандық жоғары оқу орындарының, білім басқармалары мен әдістемелік орталықтардың жетекшілері мен мамандары болды.

Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.к., қауымд.профессор У.К.Кыякбаева және PhD., қауымд.профессорлары А.А. Алимбекова, А.И. Булшекбаева, PhD., аға оқытушы А.Ж. Жакупова, 8D01201-Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу мамандығының  2-курс докторанты Г.Б. Капсанова қатысты.

Шара мектепке дейінгі білім берудегі теориялық идеялар мен практикалық тәжірибені үйлестіріп, өзекті мәселелерді әрі қарай талқылауға негіз болды. У.К. Кыякбаева пленарлық отырыс спикері ретінде мектепке дейінгі білім беру саласында жаңа буын педагогтерін даярлау бойынша баяндады.

Панельдік сессияда мектепке дейінгі балаларда экологиялық мәдениет қалыптастыруда «Табиғат қуаты: Мектеп жасына дейінгі балалар денсаулығына қатысты экологиялық тәжірибелер» тақырыбында (ЖТН  АР25795211)  А.Ж.Жакупова, Г.Б.Капсанова баяндама жасады.

Конференцияда мектепке дейінгі білім беруді дамытудағы жаһандық заманауи бағыттар, тенденциялар, аккредиттеу және сапаны қамтамасыз ету мәселелері айқындалды.

 

 

  alt=  

  alt=  

  alt=  




Кері оралу