қазақша · русский · english
 
 
 
03.10.2025

 

«Lesson Study мен Action Research» арқылы сапалы білімге қадам


2025 жылғы 3 қазанда Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде Педагогика және психология факультетінің менторлары п.ғ.к, доцент Р.Базарбекова, PhD, аға оқытушысы С. Еркебаева ұйымдастыруымен, ЮНЕСКО кафедрасы мен Педагогикалық инновациялар орталығының қолдауымен 4-курс студенттеріне арналған ауқымды әдістемелік семинар-тренинг өтті.

 

Семинардың мақсаты – педагогикалық мамандықтар бойынша бітіруші студенттер мен профессорлық-оқытушылық құрамды зерттеуге негізделген оқыту әдістерімен таныстыра отырып, дипломдық жобаларды сапалы деңгейде дайындауға және қорғауға бағыт-бағдар беру. Сонымен қатар, тәжірибеге негізделген инновациялық әдістер – Lesson Study және Action Research – білім беру үдерісіне енгізу жолдарын нақтылау және осы тәсілдердің ғылыми-әдістемелік негіздерін талдау.

 

Семинар аясында арнайы шақырылған қонақ – білім беру психологиясы саласындағы халықаралық сарапшы, АҚШ-тың Колумбия университетінің өкілі Dr. Clea Fernandez тыңдаушылармен өз тәжірибесімен бөлісті. Ол Lesson Study және Action Research әдістерінің шетелдік білім беру жүйелерінде кеңінен қолданылатынын, олардың мұғалімдердің кәсіби дамуында, сондай-ақ білім алушылардың қажеттіліктерін анықтауда ерекше маңызға ие екенін атап өтті.

 

Сондай-ақ семинарда ЮНЕСКО кафедрасының меңгерушісі, ҚазҰПУ профессоры Бериханова А.Е. және ғылыми-әдістемелік жетекші Сарсенбаева Г.Х. сөз сөйлеп, бітіруші курс студенттерін алдағы практика барысында тиімді зерттеу жұмыстарын жүргізуге, дипломдық және жобалық жұмыстарды жазуда терең зерттеу мен тиімді әдіс-тәсілдерді қолдануға шақырды.

 

Семинар соңында студенттер сұрақ қойып, өзара тәжірибе алмасып, ғылыми-зерттеу жұмыстарын дамытуға бағытталған тиімді алаң ретінде бұл іс-шараны жоғары бағалады.

 

Мұндай іс-шаралар университет қабырғасында жүргізіліп жатқан педагогикалық зерттеулердің сапасын арттырумен қатар, болашақ мұғалімдердің кәсіби дайындығын жетілдіруге зор үлес қосатыны сөзсіз.



  alt=  

  alt=  




Кері оралу