қазақша · русский · english
 
 
 
26.09.2025

«Жаңа орта – жаңа мүмкіндіктер» тақырыбында психологиялық тренингтер өтті


2025 жылдың 22-25 қыркүйек аралығында Психологиялық қолдау қызметінің психолог-мамандары 1-курс студенттеріне «Жаңа орта - жаңа мүмкіндіктер» атты психологиялық тренингтер ұйымдастырды.


Тренингтің басты мақсаты - студенттердің жаңа ортаға бейімделуіне қолдау көрсетіп, олардың әлеуетін ашуға және табысты даму жолдарын табуға мүмкіндік беру.

 

Тренинг барысында қатысушылар бір-бірімен жақынырақ танысып, топта жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру мақсатында «Ассоциация» жаттығуын орындады. Негізгі бөлім студенттердің топпен өзара әрекеттесу, бір-біріне сенім арту және тиімді қарым-қатынас дағдыларын дамыту, стандартты емес жағдайларда бірлесіп шешім табуды үйренуге бағытталған «Позитив тізбегі» және «Қолтырауын» жаттығуларын қамтыды. Қорытынды жаттығу ретінде студенттік топта достық қарым-қатынасты және өзара қолдауды қалыптастыру, позитивті коммуникация, алғыс айту және топтағы бірлік сезімін нығайту мақсатында «Өрмек» атты жаттығу жүргізілді.

 

Психологтар командада табысты жұмыс істеуге арналған арнайы ұсыныстар беріп, студенттерді қызықтырған сұрақтарға жауап берді. Студенттер тренингтен жағымды әсер алып, алдағы оқу жылында пайдалы болатын жаңа білімдер мен дағдыларға ие болды.

 

Жалпы тренингтерге Тарих және құқық, Өнер, Дене шынықтыру және алғашқы әскери дайындық, Математика, физика және информатика факультеттерінен 100-ден астам студент қатысты.

 

Психологиялық қолдау қызметі

 

 

  alt=    alt=  


 

  alt=    alt=  


 

  alt=   




Кері оралу