қазақша · русский · english
 
 
 
16.09.2025

ҚАЗҰПУ СТУДЕНТТЕРІ PROMETEUS SCHOOL-ДЕ ДУАЛЬДЫ ОҚЫТУДЫ БАСТАДЫ


2025 жылдың қыркүйегінде Абай атындағы ҚазҰПУ-дың «Бизнес-инновациялармен бастауыш оқыту» мамандығының 2-курс студенттері Prometeus School базасында дуальды оқытудың екінші жылын бастады.

 

Бағдарлама шартына сәйкес студенттер мектепте аптасына 2 күн болып, университеттегі академиялық дайындықты мектептегі тәжірибемен ұштастырады.

 

Осы оқу жылының ерекшелігі - алғаш рет мектеп базасында «Бастауыш сынып оқушыларының психологиясы» пәні жүргізілуде. Пәнді Абай атындағы ҚазҰПУ профессоры, педагогика ғылымдарының кандидаты Асель Акпаева оқытады.

Мектеп тарапынан негізгі қатысушылар:

 

мектептің оқу ісінің меңгерушісі Елена Владимировна Черкасская, ол студенттермен алғашқы кездесуді өткізді;

 

бастауыш сынып мұғалімі, студенттердің кураторы болып бекітілген тәлімгер Надежда Анатольевна Сметанина.

 

Бастауыш білім беру кафедрасы (меңгерушісі - профессор Азия Жумабаева) мектептің жұмыс тобымен бірқатар кездесулер өткізіп, өндірістік оқыту жоспарын дайындады. Жоспарды әзірлеуге кафедра профессорлары - Лариса Лебедева және Асель Акпаева белсенді қатысты.

 

Жоспарға дәстүрлі іс-шаралар мен сабақтарға қатысудан бөлек, жаңа форматтағы жұмыстар енгізілді: оқушыларға психологиялық-педагогикалық диагностика жүргізу, студенттердің мектеп жобалары мен университет байқауларына қатысуы, сондай-ақ балалармен және ата-аналармен өзара әрекеттесудің заманауи әдістерін меңгеру.

 

Prometeus School студенттердің кәсіби өсуіне барынша қолайлы жағдай жасауға дайын екенін білдірді. Университет те бұл тәжірибе болашақ мұғалімдердің заманауи мектеп жағдайында қажетті құзыреттерін қалыптастыруға ықпал ететінін атап өтті.

 

Дуальды оқытуға жауапты -

Абай атындағы ҚазҰПУ

Бастауыш білім беру кафедрасының профессоры

Асель Бакировна Акпаева.

 

 

  alt=  

 

 




Кері оралу