Педагогика және психология факультеті |
03.09.2025
«Алғашқы қадам – жаңа белес»: «Арнайы педагогика» білім беру бағдарламасының 1-курс студенттерімен танысу жиыны өтті 2025 жылғы 2 қыркүйекте Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Педагогика және психология факультетінде «Арнайы педагогика» мамандығына қабылданған 1-курс студенттеріне арналған «Алғашқы қадам - жаңа белес» атты танысу жиыны ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында студенттерге факультеттің құрылымы, қызмет бағыттары, құрамындағы кафедралар мен олардың ерекшеліктері туралы толық мәлімет берілді. Сонымен қатар, Арнайы педагогика кафедрасында жүзеге асырылатын білім беру бағдарламалары жайлы жан-жақты ақпарат ұсынылды.
Кездесуге факультет деканы Ғалия Абаева, оқу ісі жөніндегі орынбасар Ақтоты Ақжолова, әлеуметтік-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасар Елмұрат Құрманғали, педагогика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Зейнеп Бекбаева және Арнайы педагогика кафедрасының меңгерушісі Ақбота Аутаева қатысып, студенттерге жүрекжарды тілектерін білдірді. Олар болашақ арнайы педагогтардың қоғамдағы маңыздылығын атап өтіп, жауапты мамандық жолында табыс тіледі. Сонымен қатар студенттер кафедраның профессор-оқытушылар құрамымен танысты.
Шара аясында студенттер университет қабырғасында жұмыс істейтін үйірмелер, шығармашылық клубтар және белсенді студенттік ұйымдармен де танысу мүмкіндігіне ие болды.
Іс-шараның басты мақсаты - бірінші курс студенттерін жаңа академиялық ортаға бейімдеу, университеттің мәдениеті мен құндылықтарын таныстыру, сондай-ақ «Арнайы педагогика» саласының мәні мен қоғамдағы рөлі туралы түсінік қалыптастыру болды.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс) 8 (727) 390 60 05
Қабылдау комиссиясы/Call-центр: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04 8 (727) 291 57 68
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|