қазақша · русский · english
 
 
 
29.08.2025

Арнайы педагогика кафедрасы 1-курс студенттерімен алғашқы кездесу өткізді


2025 жылғы 27 тамызда Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Педагогика және психология факультетіне қарасты Арнайы педагогика кафедрасында дәстүрлі Бейімделу апталығы аясында бірінші курс студенттерімен алғашқы кездесу өтті.

 

Іс-шараның басты мақсаты - студенттерді университет өмірімен жан-жақты таныстыру, оқу үдерісіне бейімдеу және жаңа академиялық ортаға сенімді түрде қадам басуға қолайлы жағдай жасау. Кездесу барысында білім алушылар университет құрылымы, факультеттері, оқу ғимараттары, сондай-ақ оқу және оқудан тыс ұсынылатын мүмкіндіктер туралы толық ақпарат алды.

 

Шарада студенттерге табысты оқу мен жан-жақты даму үшін маңызды келесі мәселелер таныстырылды:
• Академиялық адалдық принциптері;
• Студенттің этикалық кодексі;
• Студенттердің құқықтары мен міндеттері;
• Білім беру үдерісін реттейтін негізгі ережелер мен қағидалар.

 

Сонымен қатар университеттік ортаға сәтті бейімделуге арналған ұсыныстарға ерекше назар аударылды. Студенттерді бастамашыл болуға, белсенді өмірлік ұстаным ұстануға, өзін-өзі дамытуға және университет ұсынатын ресурстарды кәсіби әрі тұлғалық өсу мақсатында тиімді пайдалануға шақырды.

 

Іс-шара аясында бірінші курс студенттерінде Абай атындағы ҚазҰПУ-дың құндылықтары, миссиясы және мәдени дәстүрлері туралы алғашқы түсінік қалыптасты.
Арнайы педагогика кафедрасы студенттерді жаңа оқу жылымен құттықтап, оларға сәттілік, шабыт, өз күшіне сенімділік және студенттік өмірден жарқын әсерлер тілейді!

 

  alt=  


  alt=  




Кері оралу