қазақша · русский · english
 
 
 

 

 Кенжебаев Ғабит Қапезұлы
Институт директоры
Тарих ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА-ның корреспондент мүшесі
Жамбыла 25, 5 этаж, 501 кабинет
 291-03-09
kgabit62@mail.ru

 Мұратқазин Мұхтар Мұратқазыұлы
Директордың ғылыми істер жөніндегі орынбасары
Тарих ғылымдарының кандидаты
Жамбыл көшесі, 25
 8-701-668-86-62
muratkazin@bk.ru

 Манапов Нұрлан Тұрсымбекұлы
Директордың тәрбие және әлеуметтік ісі жөніндегі орынбасары

Жамбыл көшесі, 25, №10 оқу ғимараты, 5 қабат, №503 кабинет
 8-777-293-42-31
nurlanm66@mail.ru

 

МИССИЯСЫ:

XXI ғасырдың ең озық әдістер мен бағдарламалар негізінде білікті мамандар даярлау.


Біз мұғалім мамандығының беделін көтеріп, адами капиталды дамытудың драйвері ретінде әрекет етеміз.


КӨРУ - 2025:

Тарих және құқық институты - жаңа формация кадрларын дайындау орталығы.


Ғылыми және оқу процесін халықаралық стандарттар деңгейінде жүргізу, отандық және әлемдік еңбек нарығында түлектердің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету.


Институт туралы

Тарих және құқық институтының шежіресі 1934 жылы құрылған тарих факультетінен бастау алады. Тарих және құқық институты - бүгінде ел тұғырын биік ұстап, «Мәңгілік ел» идеясындағы қазақ елінің тарихын асқақтататын, бабалар ізінен нәр беретін, батырлық рухының негізінде отансүйгіштікке тәрбиелейтін, ел басқарған хандар мен би-шешендердің тарихи танымын меңгерте отырып, озық мемлекеттің білім көкжиегіне жетелейтін сапалы білім ордасы.

 

Қазіргі уақытта институт Жамбыл көшесі 25 мекен-жайы бойынша, университеттің №10 оқу ғимаратында орналасқан.


Тарих және құқық институтының құрамына 4 кафедра жұмыс жасайды:
- Академик Т.С. Садықов атындағы Қазақстан тарихы кафедрасы;

- Әлем тарихы кафедрасы;

- Құқықтану кафедрасы;

- Саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасы.

 

Институт 3 деңгейде келесі білім бағдарламалары бойынша мамандар даярлайды:

 

БАКАЛАВРИАТ

№ п/п

Шифр ББ

ББ атауы

2021/2022

   

6В01 Педагогикалық ғылымдар

1.

6B01406

Кәсіпкерлік және құқық негіздері

2.

6B01601

Тарих

3.

6B01604

Тарих-құқық негіздер

4.

6B01602

Тарих-Дінтану

5.

6B01603

Цифрлы тарих

6.

6B01606

Тарих-география

6В03 Әлеуметтік ғылымдар

7.

6B03102

Мәдениеттану

8.

6B03103

Әлеуметтану

9.

6B03104

Саясаттану

10.

6B04202

Құқықтану

11.

6B04201

Құқықтану: сот және прокурорлық

 

МАГИСТРАТУРА

№ п/п

Шифр ББ

ББ атауы

7М01 Педагогикалық ғылымдар

1.

7M01601

Сандық тарих: тарих біліміндегі цифрлық технологиялар

2.

7M01603

Тарих: тарих біліміндегі цифрлық технологиялар

3.

7M01605

Тарих: Қазақстанның жаңа және қазіргі Қазақстанның әлеуметтік тарихы

4.

7M02203

Дінтану

7М03 Әлеуметтік ғылымдар

5.

7M03102

Мәдениеттану

6.

7M03103

Әлеуметтану

7.

7M03104

Саясаттану

8.

7M04201

Құқықтану

9.

7M04201

Құқықтану (бейінді)

 

ДОКТОРАНТУРА

№ п/п

Шифр ББ

ББ атауы

8D01 Педагогикалық ғылымдар

1.

8D01601

Тарих

2.

8D01605

Қазақстанның жаңа әлеуметтік тарихы

8D03 Әлеуметтік ғылымдар

3.

8D03102

Мәдениеттану

4.

8D03103

Әлеуметтану

5.

8D03104

Саясаттану

6.

8D03110

Аймақтану

 

Білім беру бағдарламасын аяқтау нәтижесінде біздің түлектер келесі мекемелерде жұмыс істей алады:
- мемлекеттік басқару секторында;
- мемлекеттік қызметте (ҚР Білім және ғылым министрлігі жүйесінде);
- құқық қорғау органдарында;
- ұлттық компанияларда;
- ғылыми-зерттеу мекемелерінде;
- білім және ғылым саласында, мәдени-ағарту саласында;
- жоғарғы және орта білім беру жүйесінде, білім беру саласындағы әкімшілік жұмыстар мекемесінде.

 

Біздің институтта оқудың артықшылықтары
Институт білім берудің барлық деңгейлерінде - бакалавриат, магистратура және докторантурада үздіксіз білім береді. Үздік студенттерге Президенттік стипендия тағайындалады. Студенттер үшін жыл сайын ғылыми-тәжірибелік конференциялар ұйымдастырылады, онда олар ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша өз нәтижелерін баяндауға мүмкіндік алады. Оқушылардың қызығушылықтары бойынша әртүрлі үйірмелер жұмыс істейді.

 

Оқу процесін ұйымдастыру үшін институт жоғары білікті профессорлық-оқытушылық құраммен қамтамасыз етілген. Қазіргі уақытта институтта 133 оқытушы жұмыс істейді, оның ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының (ҚР ҰҒА) 1 академигі және 2 - ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, 22 ғылым докторы, 47 ғылым кандидаты және 6 PhD докторы, 55 магистр, аға оқытушы, оқытушы. Ғылыми потенциал 59%, орта жас-48.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Тарих және құқық институтының 2020-2025 жылдарға арналған Даму стратегиясы

 

 

 

 

 

24