қазақша · русский · english
 
 
 
25.09.2018

Математик-ғалымдардармен кездесу


2018 жылдың 20 қыркүйек күні Абай атындағы ҚазҰПУ-нің, математика, физика және информатика институтында, математика, физика және информатика оқыту әдістемісі кафедра (меңгерушісі - п.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі Алма Әбілқасымова) қолдауымен, студенттер, магистранттар, докторанттар және оқытушылар құрамының Қазақстан Республикасының көрнекті математиктері арасында кездесу өтті.


Кездесуге ҚР БҒМ математика және математикалық модельдеу институтының бас директоры, ф-м.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА академигі, ҚР мемлекеттік сыйлығының лауреаты Тынысбек Кальменов, ф-м.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА академигі, ҚР мемлекеттік сыйлығының лауреаты Мухтарбай Өтелбаев, ф-м.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі, функциялар теориясы және функционалдық талдау бөлімінің меңгерушісі Махмуд Садыбеков, ф-м.ғ.д., профессор, ҚР ҰИА корреспондент мүшесі, Абай атындағы ҚазҰПУ-ның бірінші проректоры Бектемесов Мақтағали Әбдімәжитұлы, ф-м.ғ.д., профессор, математика және математикалық модельдеу институтының бас ғылыми қызметкері Мувашархан Дженалиев, ф-м.ғ.д., әл-Фараби атындағы ҚазМУ қолданбалы математика кафедрасының профессоры Балтабек Қанғужин, МФИИ директоры, ф-м.ғ.к., доц. Мұрат Бекпатшаев және т.б. республиканың математиктер қатысты.


Кездесу барысында академиктер Тынысбек Кальменов, Мухтарбай Өтелбаев, Махмуд Садыбеков еліміздің математикалық ғылымының әлемдік деңгейдегі жетістіктерімен, атап айтқанда математика және математикалық модельдеу институтының нәтижелерінің жоғары рейтингісімен әріптестер мен студенттерді таныстырды. Олар сондай-ақ болашақта математик болатын жас ұрпақтарының осы жетістіктерді дамыту қажеттілігі туралы айтты. Магистранттар мен докторанттар келешектегі мамандығы математик-педагогтар блғанмен, математика ғылымының дамуына қатысы бар болғандықтан, әйгілі математик ғалымдардан тиісті кенестер алу үшін семинарға шақырылды. Сонымен қатар математиканы оқытудың әдістері туралы сөз болды.


Кездесу соңында университеттің бірінші проректоры, профессор Мақтағали Бектемесов ғалымдарға алғысын білдіріп, Қазақстандағы математикалық ғылымды әлемдік деңгейде дамытуға шығармашылық табыстар мен жетістіктер тіледі.

 

   

 

   

 

   

 

   




Кері оралу