қазақша · русский · english
 
 
 

2018 жылдың 17 наурызында институт базасында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауын жүзеге асыру және «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын қолдау мақсатында «Педагогикалық STEM-парк» қазақстан-ресей халықаралық семинары өтті.


2017 жылы МФИИ 2015-2017 жылдарға арналған ҚРБ ҒМ ғылыми жобалары бойынша 8 жоба табысты аяқталып (Әбілқасымова А.Е., Тлебаев К.Б., Бидайбеков Е.Ы., М.К. Кулбек., Кожамкулов Б.А., Купчишин А.И., Лысенко В.С., Байшемиров Ж.Д.) және 2018-2020 жылдар аралығна 11 ғылыми жобаны гранттық қаржылынандыруға тапсырыс берілді.


7 тапсырыс конкурстық комиссиядан табысты өтіп қаржыландыруға ұсыныс берілді (Әбілқасымова А.Е., Шоқанов А.К., Камалова Г.Б., Купчишин А.И. - 2, Қожамкулов Б.А., Лысенко В.С.).


Жұмыс сапасын қамтамасыз етудің негізгі құралының бірі жоо ұлттық және әлемдік рейтингтерге қатысуы екені белгілі. Институтта мамандар дайындаудың математика, физика және информатика білім беру бағдарламалары бойынша республикалық рейтингте педагогикалық мамандар дайындайтын жоғары оқу орындары арасында бірінші орында. 5В010900-Математика, 5В011000-Физика, 5В011100-Информатика, 6М010900-Математика, 6М011000-Физика, 6М011100-Информатика мамандықтары ASIIN (Германия) агенттігінде халықаралық аккредитациядан өтті. Тәуелсіз аккредитациалау агенттігінің аккредитациалау кеңесі отырысында және (НААР) рейтінгінде, 5В012000 и 6М012000 - Кәсіптік оқыту бағдарламасын арнайы халақаралық аккредтациалау туралы шешім қабылданды. Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша студенттер мен магистранттар Германии, Литва, Польша елдерінде білім алады. Магистранттар мен докторанттар жақын (НГУ, МГПУ, КПУ; (Россия)) және алыс (Германия, Польша, Литва) шет елдерде ғылыми тағлымдамадан өтеді. Шет елдік жоғары оқу орындарымен бірлескен қатынастар халықаралық конференциялар, форумдар ретінде өтіп ғалымдардың идеалары талқылаудан өтіп халықаралық ғылыми жобалар ретінде көрініс береді. Шет елден шақырылған алдыңғы қатарлы белгілі ғалымдар магистранттар мен докторанттарға және кафедра оқытушыларына лекциалар оқып, ғылыми кеңесші ретінде қызмет көрсетеді.


ПОҚ марапаттары


Студенттер мен магистранттар - конкурстардың жеңімпаздары 2018 жылы

 

1520
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler