қазақша · русский · english
 
 
 
 Косов Владимир Николаевич
Кафедра меңгерушісі
Профессор
Төле би көшесі, 86
 8-777-160-61-56

 

2016 жылы «Теориялық және эксперименттік физика» мен «Кәсіптік оқыту және компьютерлік технологиялар» кафедралары біріктіріліп Физика кафедрасы құрылды. Ал Физика кафедрасының тарихы 1966 жылы құрылған Теориялық физика кафедрасынан бастау алады.

 

Бұл кафедраны елімізге танымал талай мықты мамандар басқарған. Атап айтар болсақ: Теориялық физика кафедрасының бірінші меңгерушісі қатты дене физикасы саласында зерттеулер жүргізген, т.ғ.к., доцент Абдусадыков Токеш Абдусадыкович (1966 - 1975) болды.

 

1975 жылдан 1981 жылға дейін кафедраны гравитация теориясы және жалпы салыстырмалық теориясы саласының маманы ф.-м.ғ.к., доцент Айтекеева Зауре Ароновна басқарды.

 

1981-1997 жылдары кафедрада физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Бақтыбаев Қырғызбай Бақтыбайұлы басқарды. Ол осы аралықтабөлшектердің кванттық теориясы саласында көптеген зерттеулер жүргізілуіне бастамашы болды.

 

1997-1998 жылдары кафедрада физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Серік Ешмұхамбетұлы Кумеков басқарды.

 

1998 жылы кафедра физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Владимир Николаевич Косов басқарған «Теориялық физика және сандық моделдеу» кафедрасына біріктірілді.

 

2008 жылы Радиациялық физика және электроника кафедрасымен біріктіргеннен кейін теориялық және тәжірибелік физика кафедрасының меңгерушісі ғылым, техника және білім саласы бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, профессор Құлбек Марат Құлбекұлы кафедра меңгерушісі болды.

 

2008-2016 жылдары оның бастамасымен кафедра көпфазалық жүйелердегі көліктік құбылыстар саласында сандық және эксперименттік зерттеулер жүргізе бастады. 2016 жылы «Физика» кафедрасы құрамына «Теориялық және эксперименттік физика» және «Кәсіптік оқыту және компьютерлік технологиялар» кафедралары біріктірілді.

 

Кафедра меңгерушісі физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Тілебаев Қайрат Бейшенұлы (2016-2018) болып тағайындалды.

 

2018 жылдан бастап кафедра меңгерушісі физика-математика ғылымдарының докторы, профессор ҚР ҰҒА, академигі, РАН-ның шетелдік мүшесі Владимир Николаевич Косовты басқаруда.


«Физика» кафедрасының негізгі ғылыми бағыттары:
- Физиканың білім берудегі архитектурасы;
- Теориялық физика және ядролық астрофизик;
- Полифазалық медианың термофизикасы және теориялық жылу техникасы;
- Конденс конденсатын заттар физикасы және жаңа материалдар;
- Үздіксіз ортадағы динамикалық және осцилляциялық механикалық жүйелердегі физикалық құбылыстар мен процестерді сандық моделдеу.

1885
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler