қазақша · русский · english
 
 
 
 Әбілқасымова Алма Есімбекқызы
Кафедра меңгерушісі
П.ғ.д., профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының корреспондент мүшесі, Ресей білім академиясының академигі, Жоғары мектеп халықаралық академиясының академигі
Төле би көшесі, 86
 261-53-64

 

«Математика, физика және информатиканы оқыту әдістемесі» кафедрасы(бұдан әрі - Кафедра) 1942 жылы «Математиканы оқыту әдістемесі» кафедрасы болып құрылды. Бірқатар жылдар бойы кафедраны А.Т.Калмыков, т.ғ.к., доцент М.К.Сәтбаев, ф.-м.ғ.к., доцент Б.С.Жаңбырбаев, п.ғ.к., доцент М.Ө.Ысқақов, п.ғ.к., доцент А.А.Бидосов, п.ғ.к., доцент Н.Н.Забежанская, п.ғ.д., профессор А.Е.Әбілқасымова, ф.-м.ғ.к., профессор Е.Б.Шалбаев, ф.-м.ғ.к., доцент М.Ж.Бекпатшаев, ф.-м.ғ.д., профессор С.Алдашев басқарды.


2013 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Кафедра меңгерушісі педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының корреспондент мүшесі, Ресей білім академиясының академигі Әбілқасымова Алма Есімбекқызы болып табылады.


Әр жылдары Кафедрада А.А.Сабалақов, Б.Б.Бамұханов, Х.Курманалин, С.Елубаев,М.Ахметов,К.Тулеева, К.Шаяхметова, Т.А.Цхай және тағы басқадайтанымал ғалым-әдіскерлер жұмыс істеді. Олардың еңбектері осы күнге дейін, атап айтсақӘ.Бидосовтың «Математиканы оқыту методикасы (жалпы методика)» (1989ж.), А.Е.Әбілқасымованың «Қазіргі заманғы сабақ» (2003ж.), «Математиканы оқытудың теориясы мен әдістемесі» (қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде) (2013ж.), С.Елубаевтың «Математикалық кеш» (1971ж.), «Қазақтың байырғы қара есептері және қазақ математиктері» (1996ж.), Б.С.Жаңбырбаевтың «Ықтималдықтар теориясы және математикалық статистика элементтері» (1988ж.), Н.Н.Забежанскаяның «Математикалық мозаика» республиканың мектеп пен жоғары оқу орындарындағы оқу процесінде пайдаланылады.


Қазіргі уақытта Кафедра халықаралық деңгейде өздерінің еңбектерімен, ғылыми мектептерімен, мектеп пен жоғары оқу орындарына арналған оқу басылымдарымен танымал жетекші ғалым-әдіскерлермен жасақталған. Олардың қатарында п.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі А.Е.Әбілқасымова, п.ғ.д., профессор Г.Б.Әлімбекова, п.ғ.д., профессор А.К.Қозыбай, т.ғ.д., профессор М.К.Шуақаев, ф.-м.ғ.к., профессор А.К.Шоқанов, п.ғ.к., профессор м.а. Л.У.Жадраева, п.ғ.к., доцент М.Т.Искакова, п.ғ.к., доцент Е.А.Тұяқов, п.ғ.к., доцент Ж.Т.Қайынбаев, п.ғ.к., доцент Б.М.Қосанов, п.ғ.к., аға оқытушы А.Р.Кабулова, п.ғ.к., аға оқытушы Ж.К.Сыдықова, т.ғ.к., доцент С.Е.Ералиев, т.ғ.к., доцент Л.Х.Жүнісова, т.ғ.к, аға оқытушы Қ.Қ.Елемесов, РhD докторлар - Ж.М.Нұрмұхамедова, Е.А.Оспанбеков және т.б.


Кафедраның ғылыми әлеуеті жоғары. Кафедра бойынша ғылыми дәрежесі 82 % құрайды. Кафедрада 5 ғылым докторы, 11 ғылым кандидаты, 2 РhD докторы жұмыс істейді, оның ішінде 2 ғылым докторы мен 7 ғылым кандидаттары А.Е.Әбілқасымованың төрайымдылығымен 13.00.02 - «Оқыту және тәрбиелеу теориясы мен әдістемесі (математика, физика, химия)» мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының докторы (кандидаты) ғылыми дәрежесін алу үшін диссертацияларды қорғау жөніндегі Д 14.08.05диссертациялық Кеңесте (1997-2010жж.)зерттеу жұмыстарын орындап, қорғаған.

 

Кафедра бакалавриат білім беру бағдарламасы бойынша «5В010900 - Математика», «5В011000 - Физика», «5В011100-Информатика»; магистратура бойынша «6М010900 - Математика», «6М011000 - Физика», «6М011200 - Кәсіптік оқыту»; PhD докторантура бойынша «6D010900 - Математика», «6D011000 - Физика»мамандықтарынан педагогикалық кадрларды әдістемелік даярлаумен тікелей айналысады.


Кафедраның оқытушылары білім мазмұнын жаңарту аясында болашақ мұғалімдерді даярлау мақсатында білім беру бағдарламаларының базалық және кәсіби пәндері бойынша дәрістер оқып, семинарлық және практикалық сабақтарды жүргізеді. Атап айтсақ, «Элементар математика», «Мектептегі математика курсының ғылыми негіздері», «Математикалық анализ бастамалары»,«Математикалық есептерді шешудің практикумы», «Математикадан стандартты емес есептерді шешу әдістері», «Математиканы оқыту әдістемесі», «математиканы оқыту әдістемесі бойынша практикум», «Математиканы оқытуды ұйымдастыру. Қазіргі заманғы сабақ», «Математикадан есептерді шығарудың әдістемелік негіздері», «Математика тарихы», «Математиканы бейіндік және деңгейлік саралап оқыту», «Физикалық тапсырмаларды шешудің практикумы», «Физиканы оқыту әдістемесі», «Физиканы оқытудың инновациялық әдістері», «Компьютерлік графика», «Білім берудегі компьютерлік графика», «Физиканы оқытуды ұйымдастыру. Қазіргі заманғы сабақ» және т.б., сондай-ақ, PhD докторантар мен магистранттарды кәсіптік және ғылыми-әдістемелік даярлауға арналған базалық және элективті пәндер бойынша сабақтар жүргізеді.

 

Кафедраның ерекшелігі бакалаврлар, магистранттар және PhD докторанттардың педагогикалық практикасы кафедраның тәжірибелі педагогтары мен әдіскерлері арқылы жүзеге асырылуында.


Кафедра жұмысының негізгі бағыты: болашақ педагогикалық кадрларды теориялық, ғылыми-әдістемелік даярлау; білім беру саласындағы іргелі және қолданбалы ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу.


Кафедра оқытушылары жыл сайын шетелде (Англия, Испания, Германия, Франция, Жапония, Ресей, Қырғызстан) біліктілік арттыру курстарынан және ғылыми тағылымдамадан өтеді, сондай-ақ орта және жоғары білім беру жүйесінің мәселелері бойынша семинарлар мен конференцияларға қатысады. Кафедрада оқитын магистранттар мен PhD докторанттар жақын және алыс шет елдердің жоғары оқу орындарында ғылыми тағылымдамадан өтеді.


Кафедра мүшелері университеттің барлық қоғамдық іс-шараларға белсенді түрде қатысады, әр жылдары факультетте және Кафедрада жұмыс істеген еңбек ардагерлерімен п.ғ.д., профессор Баймұханов Б.Б., ф.-м.ғ.к., профессор Шалбаев Е.Б., п.ғ.к., доцент Елубаев С., п.ғ.к., доцент Шаяхметова К., доценттер Бекбаулиева Ш., Меңдіғалиева М., Қалиева К.К. және тағы басқалармен кездесулер өткізіп тұрады.

 

Қорыта айтқанда, Кафедра жоғары білікті мамандар - жаңа буынды болашақ мұғалімдерді даярлауда жоғары нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндігі мен жеткілікті дәрежедегі ғылыми әлеуеті бар ұйымшыл және белсенді қызмет атқаратын ұжым болып табылады.

 

 

 

 

 

 

2502
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler