қазақша · русский · english
 
Ғылыми- зерттеу қызметі
     
     

     

    Математика, физика және инфорамтика саласының ірі мамандары ретінде Қазақстанға және шет мемлекеттерге белгілі ғалымдар басқаратын 4 кафедрада 100 ден аса профессор оқытушылар құрамы еңбек етуде. Оның ішінде 27 ғылым докторы 50 ғылым кандидаты 7 PhD докторлары бар.


    Институттың ғылыми-педагогикалық қызметі математика, физика және информатиканы оқыту теориясы мен әдістемесіне, сонымен бірге білім беру жүйесіне ақпараттық және коммуникациялық технологияларды ензізуге байланысты өзекті мәселелерді шешуге бағытталған.


    Ұлттық мектептер үшін педагогикалық программалық қамтамасыз етуді әзірлеу және бейімдеу мәселесі институттының кадрларының басты назарында болып табылады.


    2018 жылдан бастап институт цифрлы университетті құруға және қызмет көрсетуге теориялық және практикалық тәсілдерді белсенді түрде жасауға атсалысуда. Институттының ғылыми зерттеулерінің тағы да бір артықшылығы STEM-білім беру - жаңа технологияларды дамытуға, инновациялық ойлауға, білікті инженерлік кадрлармен қамтамасыз етуге бағытталған ғылымдардың бірлестігі.Қазақстандағы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесінде робототехника мен мехатрониканы дамыту үшін инновациялық технологиялардың енгізілуде.


    Институтта «Білім беруді ақпараттандыру және оқыту мәселелері» атты ғылыми-әдістемелік семинар жұмыс істейді, жетекші профессор Е.Ы. Бидайбеков. 6D010000 - Білім беру (информатика) мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін беруге арналған диссертациялық кеңесі ашылған. Кеңес төрайымы - профессор Е.Ы. Бидайбеков.


    2018 жылдан бастап 6D010000 - «Білім беру (математика, физика)» бейіні бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін диссертацияларды қорғау жөніндегі Кеңес жұмыс істейді. Кеңес төрайымы - профессор А.Е.Әбілқасымова. Институт базасында «Мектеп пен жоғары оқу орындарында физика-математикалық пәндерді оқытудың дидактикалық-әдістемелік негіздері» ғылыми-әдістемелік семинары жұмыс істейді, жетекші профессор А.Е.Әбілқасымова.


    Институтта «Математикалық және компьютерлік модельдеудің дифференциалдық теңдеулерінің заманауи мәселелері» атты ғылыми-әдістемелік семинар ф-м.ғ.д., профессор А.С. Бердішевтің жетекшілігімен табысты жұмыс жасап келеді.


    «Физика» кафедрасының проф. В.Н. Косовтың жетекшілігімен семинар табысты жұмыс жасап келеді.


    Жыл сайын студенттер мен магистранттар үшін СҒЗЖ жұмыстарының нәтижелерін баяндау үшін арнайы ғылыми-практикалық конференция ұйымдастырылады. Оның нәтижесі бойынша жақсы жұмыстар республикалық конкурстарға ұсынылады. Студенттер мен магистранттар әр жылдары республикалық олимпиадаларға, конкурстарға қатысып жүлделі орындарға ие болуда. Сонымен қатар студенттер мен магистранттар институттың ғылыми және қоғамдық жұмыстарына қатысып, қала өміріндегі іс-шараларда белсенділік көрсетуде. Института республикалық КВН жеңіпаздары күрестен, веложарыстан, т.б. спорт түрлерінен халықаралық жарыстардың жеңімпаздары, спорт шеберлері білім алуда .


    Институт өз алдына жеке ғимаратта орналасқан. Оның аудиториялық фонды лекциялық және оқу аудиторияларынан, 10 компьютерлық кластардан, 12 физикалық және техникалық бағыттағы оқу лабораторияларынан, оқу залынан, электрондық ресурстар залынан, акт залынан және STEM-парктаң тұрады. Білім беру ақпараттандыру және білім беру технологиялары мәселелері бойынша халықаралық ғылыми зертхана жұмыс істейді.

    1105
     
     
     
     
    Besucherzahler
     
    Besucherzahler