қазақша · русский · english
Біз туралы
Білім
  Ынтымақтастық
Институттар
  Ғылым
Даму
  Кітапхана
Студенттік өмір
  Түлек
Ресурстар
  Оқу порталы
Олимпиадалар
 
 
 
Біз туралы

ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТ - ҰТЫМДЫ ТАҢДАУ 

         1928 жылы құрылған Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті - Қазақстандағы жетекші және ірі университет, сондай-ақ,  отандық педагогикалық ғылым мен мәдениеттің орталығы. Білім берудің жоғары сапасы, Республикамыздағы   үздік 10 университеттің ішіндегі мақтауға тұрарлық орны, педагогикалық университеттердің көрсеткіштері бойынша бірінші орында тұруы еңбек нарығында өз орнын табуға қабілетті, жоғары білікті мамандар дайындауда маңызды міндеттерді дұрыс қоюға және оны дұрыс шешуге мүмкіндік береді.Олар ертеңгі күнгі Қазақстанның әрі қарай дамуының стратегиясын анықтайды, оның әрі қарай тарихын жазады және халықаралық қауымдастықта Республикамызды паш етеді.   

Ғылыми білімнің  майталманы  ретінде ірі тарихи және мәдени мұраны иемдене отырып, Университет әлемдік білім беру кеңістігінде Қазақстандық білімнің мәртебесін нығайтуда.

        Болашақ мамандарға білім беру және ғылыми жұмыстар  жүргізу университеттің 7 институтында жүзеге асырылады. Олар: Математика, физика және информатика институты, Педагогика және психология институты, Филология және көптілді білім беру институты, Өнер, мәдениет және спорт институты, Жаратылыстану және география, Тарих және құқық, Сорбонна-Қазақстан институттары. Жоғары оқу орнына дейінгі білім беруді ұйымдастыру, жастарды оқу орнына дайындау мақсатында биыл Дайындық факультеті ашылды.

         Ең алдымен  ұлттық рейтингі бойынша Абай атындағы ҚазҰПУ еліміздің педагогикалық жоғары оқу орындары арасында көш бастап келе жатқанын атап айтқан орынды.

         Білім саласындағы Сапаны қамтамасыз ету жөніндегі Қазақстан тәуелсіз агенттігінің Бас рейтингінде «Білім» бағыты бойынша (НКАОКО) педагогикалық жоғары оқу орындары арасында университетіміз 1 орынға шықты.

        Аккредитацияның тәуелсіз агенттігі мен Рейтингінің ранжирлеу қорытындысында бакалавриаттың білім беру бағдарламасы бойынша 12 педагогикалық мамандығығымыз жетекші үштіктің қатарына енді.

              Педагогикалық мамандықтарда білім беру бағдарламаларының сапалы орындалуын қамтамасыз ету мақсатымен университетімізде халықаралық және ұлттық аккредитация агенттіктерінің мамандандырылған аккредитациялары өткізіліп тұрады.Бүгінгі таңда ҚазҰПУ-дың Жаратылыстану мамандықтары бойынша 12 білім беру бағдарламасы Германияның ASIIN агенттігінің халықаралық аккредитациясымен дәлелденді.

         Ұлттық бизнес-рейтингтің қорытындысы бойынша университет 50 ТОП көшбасшы-кәсіпорындары арасында 2-орынға («Алтын») және «Сала көшбасшысы -2016» мәртебесіне ие болып, «Сала көшбасшысы-2016» медалімен және Ұлттық сертификатпен марапатталды.

         Ал әлемдік QS World University Rankings рейтингісінде дүние жүзінің 800 ТОП университеті арасында бұрынғы жылдардан 100 позиция ілгері жылжып, 501-орынды иеленді. EECA ( Emerging Europe Central Asia)арнаулы ранжирінде Еуропа мен Орталық Азияның 30 елінің 200 алдыңғы қатарлы университеттері арасында ҚазҰПУ 91-орында тұр.

          Университет базасында «Сорбонна-Қазақстан» институтының  ашылуы оқу орнының ғана емес бүкіл еліміздің өміріндегі елеулі оқиға болды. Бұл оқу орны 2014 жылғы 6 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев пен Француз Республикасының Президенті Франсуа Олландтың тікелей қолдауымен және қатысуымен өмірге келген оқу ордасы, білім беру саласындағы екі елдің бірлескен жобасының жемісі. Бұрын - «Париж қаласының Сорбоннасы» университетінің алғашқы филиалы Біріккен Араб әмірлігінде ашылса, ал енді  Орталық Азияда бірінші болып біздің елімізде шаңырақ көтерді. Институтта білім беру бакалавриат пен магистратураның қос дипломдық бағдарламасы бойынша француз тілінде жүзеге асырылуда.

         2015/2016 оқу жылында «Сорбонна-Қазақстан» институты ең алғашқы түлектерін ұшырды. «Менеджмент» және «Халықаралық қатынастар» мамандықтарының 42 магистрі Абай атындағы ҚазҰПУ мен «Париж қаласының Сорбоннасы» университетінің дипломдарын қатар алып шықты. Абай атындағы ҚазҰПУ-дың аталған халықаралық жобаны жүзеге асыруы Қазақстан ғана емес, Орталық Азия елдері жастарының да Еуропалық үлгідегі білім алуына жол ашқаны сөзсіз.

         Университеттің білім беру қызметі жоғары және жоғары оқу орнынан кейін білім берудің 121 бағдарламасы бойынша жүзеге асырылады. Оның ішінде:

- Бакалавриатта -51;

- Магистратурада -52;

- Докторантурада-18 мамандық бойынша білім беріледі.

         Абай атындағы ҚазҰПУ еліміздің педагогикалық білім беру саласындағы ең ірі ғылыми-білім беру орталығы ретінде педагогикалық ғылымдар саласында ғылыми-инновациялық жобаларды жүзеге асырады; Қазақстандағы педагогикалық білім беру ұйымдарының жұмысын үйлестіреді, оларға ғылыми, ғылыми-әдістемелік, шығармашылық жұмыстарын дамытуға қолдау көрсетеді.

          Университет базасында ҚР ҰҒА Қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар бөлімшесі және «Білім» тобы бойынша Республикалық оқу-әдістемелік кеңес жұмыс істейді.

        

        Студенттер университет қабырғасында оқытудың инновациялық технологияларын игерумен қатар кәсіптік-тәжірибелік құзіреттілікті де қатар меңгереді.

        Педагогикалық мамандықта оқып жүрген студенттері үшін бүкіл оқу кезеңінде педагогикалық практика үздіксіз жүргізіледі. Олар өндірістік және педагогикалық практика базасымен толық қамтамасыз етілген.        

         Университеттің білім беру қызметі жұмыс берушілердің, білім қызметін пайдаланушылардың және білім алушылардың талап-тілектеріне сәйкес жүргізіледі.

       Университеттің даму жоспарына сәйкес оқу орнын инновациялық қызметке бейімделген ғылыми-зерттеу орталығына айналдыру міндеті белгіленіп отыр. Сондықтан ғылыми зерттеулердің бәрі де маңызды нәтижелерге қол жеткізуге бағытталған.

        Мұнда  ғылыми-зерттеу жұмысын табысты жүргізуге мүмкіндік мол. Ол үшін:

- Жоғары квалификациялы ғылыми кадрлар қалыптасқан;

- Қажетті ғылыми инфрақұрлым бар;

- Бюджеттік және бюджеттен тыс қаржыландыру жүріп жатыр;

- Заманауи материалдық-техникалық база жасақталған.

         Білімді, ғылымды және өндірісті интеграциялау, кадр дайындау сапасын арттыру үшін университетте ғылыми білім беру инфрақұрлымы қалыптасқан. Факультеттер білім беру бағыттары бойынша Институттар болып қайта құрылды.

         Шығармашылық, коммерциялық және кәсіпкерлік қызметтік деңгейін көтеру үшін жаңа құрылымдық бөлім-Ғылыми-инновациялық парк құрылды. Оның құрамында 8 ғылыми орталықтан және 4 зертханадан тұратын ғылыми-зерттеу кластері және ғылыми-зерттеулердің нәтижесін комерцияландыратын бөлім бар.

              2015-2016 оқу жылында оқу-тәрбие үрдісімен 867 оқытушы айналысса, оның 799-ы штаттық қызметкерлер (92%) болды. Профессор-оқытушылар құрамының ғылыми дәрежеленуі 67%-ды құрады. Ғылыми атақ-дәрежелері бар оқытушылардың орта жасы 52 жас.

         Ғылыми-білім беру қызметімен 155 ғылым докторлары, профессорлар (орта жасы -55), 380 ғылым кандидаттары, доценттер (орта жасы-48), оның ішінде 19 PhD докторы (орта жасы -49) және 117 ғылым магистрлері айналысады. Сондай-ақ, бізде 14 ҚР ҰҒА академиктері мен корреспондент-мүшелері, 45 басқа да қоғамдық академиялардың академиктері, 19 шығармашылық одақтардың мүшелері, 6 еңбек сіңірген жаттықтырушы, 12 спорт шебері жұмыс істейді.

                Профессор-оқытушылар құрамының кәсіптік біліктілігін жетілдіру - кадр әлеуетін жақсартудың маңызды факторы болып табылады. 2013-2015ж. біліктілік жетілдіруден 526 адам өтсе, оның 104-і шетелдерде болып қайтты. Өткен оқу жылында 235 оқытушы (барлық ПОҚ-тың 29%-ы) әртүрлі бағдарлама бойынша «Өрлеу» біліктілік арттыру Ұлттық орталығында», «Назарбаев университетерінде» және АҚШ-тың, Англияның, Жапонияның, Испанияның, Португалияның жетекші университеттерінде өздерінің біліктілігін көтерді.

         ПОҚ пен оқу-ғылыми бөлімшелер қызметкерлерін рейтингілік бағалау қолға алынып отыр. Бұл оларды материалдық және моральдық жағынан көтермелеуге септігін тигізуде. 2015/2016 оқу жылында бағалау процедурасына профессор-оқытушылар құрамынан 825 адам (97,5%) қатысты. Ранжирлеу қорытындысында көптеген қызметкерлердің рейтингісі көтерілгені белгілі болды.

                Шетелдік әріптес университеттердің, атап айтқанда: Женева университетінің (Швейцария), Фрайбург педагогикалық университетінің (Германия), Экс-Марсель педагогикалық университетінің (Франция), Тамагава Токио университетінің, Брунель университетінің (Ұлыбритания), М.В.Ломоносов атындағы МГУ, Санкт-Петербург мемлекеттік университетінің (РФ) профессорларын дәріс оқуға шақыру арқылы білім сапасын артыруға қол жеткізіліп отыр. 2013-2015 жылдары 18 шетелден 153 профессор бізге келіп дәріс оқыды. 2015 жылы дәріс оқып, шеберлік-сыныптар өткізу үшін шетелдік жетекші университеттерден 60 ғалым-оқытушы келсе, олардың 21-і доктаронттарымыздың ғылыми кеңесшілері болды.

        «Сорбонна-Қазақстан» институтында дәріс беруге  ҚазҰПУ оқытушыларымен қатар Париж қаласы Сорбоннасының 20 оқытушысы атсалысуда. Магистрлер мен PhD докторларын бірлесе дайындауға Париж сити Сорбонна (Франция) университетінің, Виктор Франклин педагогикалық университетінің (Австрия), Гранада университетінің (Испания), Печь университетінің (Венгрия), Балтық халықаралық академиясының (Латвия), Эрзинжан мемлекеттік университетінің (Түркия), Хубей технологиялық университетінің, Ухань университетінің (Қытай), Новосибирь мемлекеттік педагогикалық университетінің, Астафьев атындағы Краснояр мемлекеттік педагогикалық университетінің (Ресей) және т.б. университеттердің профессорлары қатысуда.

          ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Тілдердің үштұғырлылығы» мәдени жобасы аясында  университетімізде көптілді білім беру бағдарламасы жүзеге асырылуда. 2012/2013 оқу жылында 1 курс студенттері үшін екі жылдық тілдік дайындау қолға алынса, биыл жаратылыстану ғылымдары мамандықтары бойынша осындай 6 топ жасақталды. 2013/2014 оқу жылында бакалавриат пен магистратурада 17 мамандық ағылшын тілінде оқытыла бастады. Қазіргі кезде үш тілде білім беру аясында бакалавриаттың 10 мамандығында арнайы жасақталған 19 топ, магистратурада 4 мамандықты қамтыған 5 топ ағылшын тілінде білім алып жатыр.

                 Оқу орны қызметінде халықаралық ынтымақтастық маңызды орын алады. Бүгінгі таңда Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Жоғары мектеп халықаралық ғылым академиясының ұжымдық мүшесі, Magna Charta Universitatum  Еуропалық университеттер ұлы Хартиясының және басқа да халықаралық ұйымдар мен ассоциациялардың, атап айтқанда EAIE (Еуропалық білім беру халықаралық ассоциациясының), Университеттердің халықаралық ассоциациясының (IAU), Азия университеттерінің (AAУ), ELFA (Еуропа университеттері Заң ассоциациясының), ISA (Әлеуметтанушылардың халықаралық ассоциациясының), ESDP (Психологияны дамытудың Еуропалық қоғамының), ECPR (Саяси зерттеулер жөніндегі Еуропа консорциумының) мүшесі; ЮНЕСКО-ның халықаралық педагогикалық жүйесіне енген.

 

 

 

 
 
 
Біз туралы
  • Ректорат
  • Ғылыми кеңес
  • Университет тарихы
  • Абай атындағы ҚазҰПУ-дың ғалымдары
  • Ректор аппараты
  • Ғылыми институттар және орталықтар
  • Институттар
  • Ректор
  • Басқармалар
  • «ЖОО-ның үздік оқытушысы»
  • Құрылымдық бөлімдер
  • Ұйымдастырушылық құрылым

  • Білім
  • Бакалавриат
  • Магистратура
  • Академиялық ұтқырлық
  • РОӘК ОӘБ
  • Тіркеу басқармасы
  • Академиялық саясат
  • Бақылау және бағалау
  • Нормативті - құқықтық құжаттар
  • Талапкерлерге
  • Ережелер мен реттеу құжаттары
  • PhD докторантура
  • Студенттің анықтамалық қолкітапшасы
  • Студенттер өтініштерінің үлгілері
  • Білім беру туралы құжаттар

  • Ынтымақтастық
  • Шетелдегі ЖОО-мен келісімдер
  • Басшылық
  • Шетелдік оқытушылар мен студенттерге
  • ЮНЕСКО педагогика кафедрасы
  • Пайдалы сілтемелер
  • Біз туралы
  • Хабарландырулар
  • Халықаралық бағдарламалар
  • Халықаралық ұйымдар

  • Институттар
  • Тарих және құқық институты
  • Математика, физика және информатика институты
  • Филология және көптілді білім беру инcтитуты
  • Педагогика және психология институты
  • Жаратылыстану және география институты
  • Өнер, мәдениет және спорт институты
  • Жалпы университеттік кафедралар
  • Дайындық факультеті
  • Сорбонна - Казахстан Институты

  • Ғылым
  • Диссертациялық кеңес
  • Абай атындағы ҚазҰПУ-дың жас ғалымдар кеңесі
  • Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары СҒЗЖ
  • Ғылыми шаралар
  • ПОҚ жарияланымы. Қорғалатын құжаттар
  • Ғылыми-зерттеу жұмыстары
  • Ғылыми-инновациялық паркі
  • Ғылыми жобалар
  • «Хабаршы» ғылыми журналы
  • "Ұлттық тәрбие" Республикалық ғылыми көпшілік журналы
  • Ғылыми-әдістемелік журнал "Педагогика және Психология"
  • Ғылыми сапарлар мен тағылымдар
  • ҒӘК Мектеп-колледж-ЖОО

  • Ғылыми кітапхана

    Студенттік өмір
  • Студентер кәсіподағы
  • Жастар ісі жөніндегі комитет
  • «МЕЙІРІМ» қайырымдылық клубы
  • Студентердің ағымдық және аралық бақылауын есепке алу журналы
  • Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты жөніндегі басқармасы
  • Мәдениет орталығы
  • Денсаулық сақтау пункті
  • Оқу ғимараттары
  • Жатақханалар

  • Түлек
  • Түлектерге арналған ақпарат
  • Жұмыс берушілерге арналған ақпарат
  • Абай атындағы ҚазҰПУ түлектерінің жұмысқа орналасқандығын қуаттау
  • Мансап бөлімі
  • Бітірушілер қауымдастығы
  • Бакалавр және магистратура мамандықтары бойынша тәжірибе базалары
  • Ұлттық біліктілік шеңберлері

  • Талапкерлерге
  • Ұлттық тестілеу орталығы
  • Нострификация бойынша құжаттардың тізімі
  • Білімгерлерді қабылдау мен мамандарды даярлауды бақылау орталығы
  • Талапкерлерге
  • Бакалавриат
  • Магистратура
  • Докторантура PhD
  • Екінші жоғарғы білімге арналған қабылдау ережесі
  • Шетел азаматтарын қабылдау ережелері
  • Институттар мен факультет бойынша Ашық есіктер күндерінің кестесі
  • Апелляцияға өтініш беру
  • Байланыстар
  • Сорбонна Қазақстан Институтына түсушілерге

  • Даму
  • Абай атындағы ҚазҰПУ рейтингілері
  • Болон процесі
  • ТЕМПУС жобасы
  • Академиялық сараптау
  • Академиялық ұтқырлық

  • Абай Университеті