қазақша · русский · english
 
 
 
 Ізбасаров Манарбек Ешмұхамбетұлы
«Ұлағат» баспасының директоры

Қазыбек би көшесі, 30
  291-37-56, 87772145569
Izbasarov1956@mail.ru

«ҰЛАҒАТ» БАСПАСЫ

 

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің «Ұлағат» баспасы Ғылыми кеңестің 2011 жылғы 18 сәуірдегі шешіміне байланысты құрылған. Баспа негізінен университеттің оқу, оқу әдістемелік құралдары мен ғылыми басылымдарын және университет құрылымдарының ішкі жұмысына қажетті қызметтік құжаттарды басып және дайындап беретін басты құрылымдардың бірі болып табылады.


Баспаның негізгі міндеті оқу орнының редакциялық баспа ісінің жұмысын ұтқыр ұйымдастырып, мемлекеттік стандарттарға сай келетін оқулықтар мен оқу әдістемелік құралдарды, басқа да сұранысты толық қамтамасыз ететін ғылыми басылымдар мен әдебиеттерді дайындап, басып шығару арқылы оқу үрдісі мен ғылыми-зерттеу жұмыстарын толық қамтамасыз ету. Баспаның жоғары санаттағы редакторлары бас білім ошағының оқу және ғылыми ізденістерін толық қамтитын университет ғалымдары мен ұстаз-педагогтардың қолжазбаларын уақытысында сүзгіден өткізіп, студенттердің сұранысын толық қамтамасыз ететін оқулықтар мен оқу құралдарын, оқу-әдістемелік нұсқаулықтар мен ғылыми басылымдарды дер кезінде дайындап беруі керек. Баспа сол дайындалған басылымдарды дер кезінде әрі сапалы етіп басып беруге міндетті.


Бұған қоса «Ұлағат» баспасының құрамында университеттің безендіру ісімен айналысатын Өндірістік бөлім жұмыс істейді. Бұл бөлім де уақыт талабына сай оқу орнының әсем безендірілуіне, жарнамалық құралдардың толық мәнінде дұрыс шығуына жауап береді.

 

1004
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler