қазақша · русский · english
 
Түлектер қауымдастығы
     
     
     Нұрбатыров Болатбек Боданұлы
    Абай атындағы ҚазҰПУ Түлектер Қауымдастығының атқарушы директоры

    Достық даңғылы 13
     +7 (727) 293-83-12

     

    Қауымдастықтың мақсаты - университет пен оның түлектері арасында өзара ұтымды қарым-қатынас орнату жолында әрекеттесуге ұмтылып, басқа түлектермен тәжірибе алмасу, университеттің дамуына бағытталған түрлі іс-шаралар мен түрлі бағдарламалар арқылы байланыстарын қамтамасыз ету болып табылады.


    Қауымдастықтың негізгі міндеттері:
    - университетті халықаралық білім, ғылым және мәдениет орталығы ретінде дамыту;
    - қоғамды университеттік білімнің құндылықтарын тарату, интелегенттік, адамгершілік, жанашырлық пен толеранттылық рухты күшейту;
    - барлық түлектердің университетпен жеке байланысын, өзара көмек пен қызметтестікті күшейтуін нығайту.


    Қауымдастықтың негізгі қызметі:
    - унивеситетті әлеуметтік және экономикалық жағынан нығайтуға, материалдық-техникалық базасын күшейтуге және оны ұйымдастыруға интеллектуалдық, шығармашылық күшін біріктіру;
    - университет түлектерінің кездесулерін, іскерлік басқосуларын, баспасөз мәслихаттарын ұйымдастырып тұру;
    - отандық және шетелдік заңды және жеке тұлғалардың қаржысы, демеушілік көмек, грант және басқа да көмектер көрсету;
    - университет басшылығына университеттің құрметті белгілерімен, атақтарымен марапаттау үшін ұсыныстар беру.

    62
     
     
     
     
     
    Besucherzahler