қазақша · русский · english
 
 
 

Абай атындағы ҚазҰПУ логотипі

 


 

2018 жылдың 30 қаңтарында Қазақстандағы тұңғыш жоғары оқу орны -Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің 90 жылдығына орай оқу орнының жаңа логотипі бекітілді.

 

Жүргізілген ребрендинг жаңартылған көрнекі элементтерді қамтып ғана қоймайды, сондай-ақ ол университет брендінің өзіндік ерекшелігін, оның мәні мен қабылдануын өзгертуге бағытталған іс-әрекеттердің тұтас кешені. Жаңа логотип 90 жылдық мерейтой қарсаңында университеттің жаңа бастамалары мен жаңа міндеттерінің символы болып табылады.

 

Университет әкімшілігі жариялаған жаңа логотип жасау конкурсына Өнер, мәдениет және спорт институтының профессорлары, студенттері, магистранттары мен докторанттары үлкен қызығушылық танытты. Көптеген авторлардың еңбектерінің бірнеше нұсқасы қабылданды. Конкурс барысында барлығы 70 нұсқа талқылаудан өтті. Нәтижесінде Өнер, мәдениет және спорт институтының профессоры Серғазы Құсайынұлы Жаманқараев ұсынған нұсқа бекітілді.

 

Жаңа логотипте Абай атындағы ҚазҰУ-дың бас ғимараты бейнеленген, университеттің негізі қаланған 1928 жыл - оның кіреберісінің жоғарғы жағында көрсетілген. Ғимараттың қабырғасында ағылшын тілінде «ABAI UNIVERSITY» жазуы бар, ол университеттің ғаламдық білім кеңістігінде танылуын бейнелейді. Ғимараттың негізі - ашық кітап, ол әрқашан және барлық жерде білімнің негізгі көзі ретінде қабылданады. Оның төменгі жағында университеттің қазақ тіліндегі толық атауы: «Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті» - деген жазу бар. Жаңа логотип қою көк палитраға ие. Көк түс - табиғи түстердің бірі, тыныштық, бейбітшілік және молшылықты білдіреді.

 

Жаңартылған бренд шетелдік нарыққа шығарылатын болады. Абай университеті - көп жылдық дәстүрді сақтап, жаңа биіктерге ұмтылған қазіргі заманғы педагогикалық университет.

 

 

Қоғаммен байланыс жөніндегі бөлім

 

 

 

 

 


1307
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler