| Ғылыми-зерттеу жобалары мен бағдарламаларын мониторингтеу бөлімі 
   Ғылыми-зерттеу жобалар мониторингі мен мониторингтеу бөлімі Ғылыми-зерттеу жобалар мониторингі мен нормабақылау бөлімі Абай атындағы ҚазҰПУ Ғылым басқармасының құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Ғылыми-зерттеу жобалар мониторингі мен мониторингтеу бөлімінің негізгі міндеттері: -   Университеттің ПОҚ мен қызметкерлерінің ғылыми-зерттеу жұмыстарының, ғылыми-зерттеу жобаларының орындалуына мониторинг жүргізу, ҒЗЖ-ның барлық бағыттары бойынша есептік құжаттарды толтыру; -      Ғылыми-зерттеу жобаларын жүзеге асыру мәселелері бойынша ЖОО-мен, ғылыми-зерттеу ұйымдарымен бірлесе жұмыс істеу; -      Жоғары оқу мекемелерінің инновациялық тәжірибесін зерделеу; -      Ғылыми зерттеу мәселелері бойынша конференциялар, семинарлар және жиналыстар ұйымдастыруға қатысу; -      Сапа менеджменті жүйесіне қажетті ғылыми-зерттеу жұмыстары үдерісіне мониторинг жүргізу.   Ғылыми-зерттеу жобалар мониторингі мен мониторингтеу бөлімінің қызметі: 
 Ғылыми-зерттеу жобалары мен бағдарламаларына мониторинг, жобалар мен зерттеулердің орындалуына талдау, университеттегі ғылыми-зерттеу жұмыстарының тәжірибесіне жалпылау жүргізу; ҚР БҒМ, ҒТЗ ҰО, халықаралық рейтингілі агенттер талабын ескере отырып, университетте ғылыми-зерттеушілік іс-әрекеттің жүзеге асырылуы бойынша нұсқаулық дайындау; Мемлекеттік, салалық және республикалық стандарттар, нормалар мен тәртіптер және басқа нормативтік құжаттардың қолданыстағы нұсқаулығы негізінде ҒЗЖ-ның құжаттарына нормабақылауды жүзеге асыру; ҒЗЖ тақырыптары бойынша ғылыми есептерді толтыруға әдістемелік жәрдем жасау; Нормативтік құжаттарды пайдалану бойынша кеңес беру және оны ұйымдастыру; Есеп беру үшін материалдар дайындау; Ғылыми жетістіктер көрмесі үшін материалдар дайындау; Жоғары оқу орындарының инновациялық тәжірибелерін зерделеу; Ғылым мен жоғары білім мәселелері бойынша конференциялар, семинарлар және жиналыстар ұйымдастыруға қатысу; ҚР БҒМ, ҒТЗ ҰО, халықаралық рейтингілі агенттер, шетелдік ЖОО-лар ұйымдастыратын отырыстар мен жиындарға қатысу;  Консалтингтік қызмет көрсету.   |