қазақша · русский · english
 
 
 
 Мынбаева Бахыт Насыровна
КОЗЗ меңгерушісі
Биология ғылымдарының докторы, профессор
ул.Казыбек би, 30
 8-701-953-13-72
bmynbayeva@gmail.com


Кешенді оқу-зерттеу зертханасы (БКОЗЗ) 2018 жылы Абай атындағы ҚазҰПУ Ғылыми Кеңесінің шешімімен ашылды (хаттама № 2, 24.10.2018). 2022 жылдың қаңтарында БКОЗЗ «Абай атындағы ҚазҰПУ» КЕАҚ ғылыми-инновациялық паркінің (ҒИП) құрылымына енгізілді.

 

2018 жылдың қараша айынан 2019 ж. сәуір айына дейін БКОЗЗ қызметін қалыптастыру бойынша ауқымды жұмыс атқарылды:

- негізгі құралдар мен ұсақ инвентарға түгендеу жүргізілді;
- қызмет бойынша негізгі құжаттар құрастырылды: ғылыми-инновациялық паркіның биология бойынша Кешенді оқу-зерттеу зертханасы туралы ереже (қазақ және орыс тілдерінде);

-БКОЗЗ меңгерушісінің лауазымдық нұсқаулығы (қазақ және орыс тілдерінде); БКОЗЗ инженерінің лауазымдық нұсқаулығы (қазақ және орыс тілдерінде);
- барлық аспаптар, реактивтер, ыдыстар және т.б. тиісті тәртіпке келтірілді.

 

БКОЗЗ-да негізгі жабдықтың 108 бірлігі және қосалқы жабдықтың 188 бірлігі бар. Атап айтқанда, спектрлік зерттеулерге арналған хроматографиялық үстелдер, жылжымалы және бүйірлі, аралдық электрлендірілген үстел, физикалық электрлендірілген, түрлі тумбалар, зертханалық химиялық ыдыстарға арналған және реактивтерді сақтауға арналған шкафтар және т.б.

 

   

 

Зертханада қол жетімді:
- Сорғыш шкаф ШВЛ-01 
- Ламинар бокс БАВп-01 

 

   

 

- микробиологиялық және иммунологиялық зерттеулерге арналған негізгі құралдар - 2 дана колбажылытқыштар LOIP LH-250 және ПЭ-410, 2 электроплитка, дистиллятор АЭ-10МО, 2 дана бактерицидті сәулелендіру құралы, реактивтермен және бағдарламалық қамтамасыз етілген микробиологиялық анализатор "Multiscan Ascent" (Финляндия), сандық бейне- және фото-камерасы бар тринокулярлы микроскоп «LEICA» және 2 дана электр жарығы бар монокулярлы Микмед-1 микроскоп, оларға жабынды және заттық шынылар, иммерсиондық май және т.б. тіркелген, құрғақ қыздырғыш шкаф SNOL-24, термостат ВО-28; сонымен қатар микробиологиялық зерттеулерге арналған КОЗЗ түрлі көлемдегі пипеткалармен, түрлі көлемдегі конустық және дөңгелек колбалармен, цилиндрлермен, эксикаторлармен, стакандармен және т.б. жабдықталған.

 

   

 

   

 

- cпектрлы зерттерулер үшін негізгі құралдар - 3 қүрылғы: флуориметр; сандық спектрофотометр PD-303; фотометр КФК-3-01.

 

   

 

- ерітінділерді араластыруға және бөлуге арналған негізгі жабдық - центрифугалар "MiniSpin" және "СМ-6М", оларға түрлі көлемдегі центрифугалық пробиркалар қоса беріледі; Магнитті араластырғыш MS01 4-х жергілікті, шейкер OS-20  және т.б.

 

   

 

   

 

- топырақ зерттеулеріне арналған негізгі жабдықтар - зертханалық елеуіш, бір диаметрлі (3 дана); топырақ буры, АМ-7 (1 дана); топыраққа арналған КП-131 сит жиынтығы (14 дана); зертханалық диірмен А10 (1 дана); оптикалық лупа ЛПИ-464 (1 дана) және т.б.


- химиялық ыдыстар 3 шкафта - Страшейн капельницасы пипеткалы қара шыныдан (капельницасы) (2 дана); Колба түрлі көлемдегі коникалық (30 дана); Колба түрлі көлемдегі шеңбер түпті (100 дана); Колба өлшейтін 100 мл (10 дана); Колба түрлі көлемдегі жазық түпті (29 дана); Кружка тұтқалы және тұмсығы бар фарфор (1 дана); Қасық фарфор (1 дана); Қалақша шыны (7 дана); Мензурка түрлі көлемдегі (30 дана); Күпшек пен пестиктер (3 дана); Пипетка түрлі көлемдегі өлшейтін (150 дана); Пробирка түрлі көлемдегі бұралатын қақпағы бар (100 дана); Пробирка әртүрлі көлемді химиялық (500 дана); Пробиркалар түрлі көлемді бұрандалы қақпағы бар полимерлі (150 дана); Шайғыш жазық түкті LDPE (1 дана); Сауыттар түссіз және янтарь шыныдан жасалған реактивтерге арналған тығыны бар (12 дана); Спиртовка зертханалық СЛ-2 (3 дана); Стакандар түрлі көлемдегі және биіктіктегі (90 дана); Стакандар өлшеу (12 дана); Шыны жабынды микропрепараттарға арналған (500 дана); Горяев камерасы (1 дана); Шыны жабынды Горяев камерасына (200 дана); Шыны заттық (250 дана); Тигель (4 дана); Әмбебап индикаторлық қағаз (рН 0-12) (20 дана); Сүзгілер әр түрлі сусыздандырылған (10 дана); Цилиндр түрлі көлемдегі (33 дана); Табақша әртүрлі көлемдегі буландырғыш (6 дана); Петри табақшасы (350 дана); Пробиркалар штативі (25 дана); Эксикатор (3 дана). Басқа аспаптар: микродозатор 1-кан Capp Ecopipette (3 дана); ұштықтар дозаторларға.

 

   

 

- реактивтер желдетілетін арнайы шкафта: бейорганикалық - магний тұздары, марганец тұздары, мыс тұздары, натрий тұздары, қорғасын тұздары, мырыш тұздары және т. б.; органикалық - несепнәр, қоректік агар, Грисса реактиві, Несслер реактиві, сахароза және т.б.); бояғыштар - күлгін генциан, негізгі фуксин, метилен көк эозин және т.б.

 

   

 

- БКОЗЗ-ның басқа да қосалқы құрал жабдығы: таразы зертханалық электрондық AR-1530 және техникалық, шу өлшегіш-спектр анализаторы, судың жалпы қаттылығын анықтауға арналған жиынтық, ионометр/рН-метр, үш арналы кондуктометр, 2 камералы тоңазытқыш, өсіру үшін берілетін параметрлері бар КС-200 СРҚ климатостаты (Сурет 13), АН-2 судағы мұнай өнімдерінің құрамын талдаушы (№1 және 2 жиынтықтама).

 

   

 

- кітапхана қоры (анықтамалар, практикумдар және басқа да ғылыми әдебиеттер) ғылыми биологиялық әдебиеттер, ғылыми-әдістемелік, биотехнологиялық және экологиялық әдебиеттер 126 данасын жинақтап, зертханада кітапхана қорын 3 шкафта құрды бірлігінде.

 

   

 

141