қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
19.09.2019

Қайраткер тұлғамен кездесу

 

2019 жылғы 18 қыркүйекте өткен Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің «Ұлы Дала тұлғалары» орталығының кезекті дәрісі көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Бижамал Рамазанованың өмірі мен қызметіне және тұлғалық қасиеттеріне арналды. Кездесуді ашқан университет ректоры Такир Балықбаев Бижамал Рамазанованың өмір жолы мен мемлекетке сіңірген еңбегін баяндап берді.

 

Еңбек жолын комсомол және партия жұмысынан бастаған Б.Рамазанова 60-70 жылдары Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының хатшысы, одан кейін Азия және Африка елдерімен ынтымақтастық ұйымы Қазақ комитетінің төрайымы, Қазақ КСР Министрлер Кеңесі жанындағы Бас архив басқармасының бастығы қызметтерін абыроймен атқарды. Осы жылдары ол елімізде заң шығару және парламентаризм жүйесін қалыптастыруға, Қазақстанның шетелдермен байланысын нығайтуға, архив жұмысын әлемдік деңгейге көтеруге өлшеусіз үлес қосқан қайраткер дәрежесіне көтерілді.

 

Кездесуге қатысқан Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, белгілі ұстаз Қарабалина Орынша, ҚР ҰҒА академигі Еренғайып Шайхутдинов, белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Ғайникен Бибатырова, белгілі қоғам қайраткері, жоғары мектептің талантты ұйымдастырушысы Шәмшә Беркімбаева, жазушы-драматург, сыншы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Сәбит Досанов, ҚР Орталық мемлекеттік архиві оқу залының бастығы Айгүл Шалабаева Берікбайқызы, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының профессоры Меңдіғаным Шәймерденова және басқалар Бижамал Рамазанқызының елге сіңірген еңбегі және қайраткерлік тұлғасы жөнінде тебірене сыр шертті.

 

Б.Рамазанова өз сөзінде университет жастарын жақсы оқуға, Тәуелсіз Қазақстанның қайраткер тұлғалары болып қалыптасуға шақырды.

 

   

 

   

 

   

 

   

 

  

 

Қоғаммен байланыс жөніндегі бөлім