қазақша · русский · english
 
 
 

 

 

international_kaznpu_kaz

 

Абай университетінің негізгі бағыттарының бірі – әлемнің жетекші университеттерімен, ғылыми орталықтарымен және ұйымдарымен халықаралық стратегиялық серіктестік пен желілік өзара әрекеттестікті дамыту.

 

-Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан және шетелдердегі шетелдік мемлекеттердің елшіліктері;

-Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан шетелдік мемлекеттердің консулдықтары;

-Алматыдағы ЮНЕСКО бюросы;

-DAAD ақпараттық орталығы;

-Қазақстандағы Erasmus+ ұлттық кеңсесі.


Абай университетіндегі халықаралық жобалар:


Білімді интернационализациялау белсенді түрде халықаралық бірлескен жобалар арқылы дамып келеді:

1) Erasmus+ (2023-2026)

2) Американдық Кеңестер

3) ЮНЕСКО. және Окаяма Университеті

4) АҚШ- ҚАЗАҚСТАН Университеттер серіктестік бағдарламасы: «Мұғалімдерді нақты деректер мен ұйымдастыру мәдениеті негізінде даярлау»

5) “Eurasia Foundation” (Азиядан) жобасы

6) DAAD білім интернационализациясы жобасы FAU Erlangen-Nürnberg (Германия) университетімен

7) Әлемдік банк халықаралық жобасы: «Педагогикалық білім беруді күшейту» ХАМЕ қолданбалы ғылымдар университетімен бірлесіп (Финляндия)

8) EU/UNESCO жобасы: «Ауғанстанда, Орталық Азияда және Иранда Жібек жолының мұра коридорлары»

9) VIII Халықаралық Қазақстан-Франция жоғары оқу орындарының форумы

 

Халықаралық ғылыми-мәдени орталықтар


Халықаралық қызметтің тағы бір бағыты – шетелде Абай атындағы халықаралық ғылыми-мәдени орталықтардың болуы. Осылайша, университет Қытайда, Түркияда, Ресейде және Польшада төрт халықаралық білім беру орталығын ашты. Бұл орталықтардың миссиясы – Абай Құнанбаевтың мұрасын насихаттау, түрлі семинарлар өткізу, Қазақстанның елтану, мәдениет және тарихы бойынша сабақтар жүргізу.

 

Абaй атындағы орталықтардың қызметі халықаралық ғылыми-білім беру кеңістігіне интеграциялануға, тығыз ғылыми-білім беру ынтымақтастығын дамытуға, имидждік саясатты іске асыруға және Абай университетін шетелде насихаттауға ықпал етеді.

 

 

 

abaiuniver_leader-pedagogy_list_users_img_kaz