қазақша · русский · english
 
Ғылым
 
 
 Лайсханов Шахислам Ұзақбайұлы
Жас зерттеушілер кеңесінің төрағасы
PhD доктор
Қазыбек би көшесі 30, 611 каб.
 8-775-733-14-33
laiskhanov@gmail.com

 Джарылкапова Сандугаш Есенбековна
Жас ғалымдар кеңесі Ақпараттық коммитет жетекшісі Оқытушы,
Магистр
Қазыбек би көшесі, 30
 8-747-556-73-89
Sandu_je@mail.ru

 Өтемісова Арайлым Жұбатқанқызы
Жас зерттеушілер кеңесі Ғылыми – әдістемелік комитетінің жетекшісі
Магистр
Қазыбек би көшесі, 30
  8-778-366-71-05
arai19_83@mail.ru

 Байбол Әлібек Уәлиханұлы
Жас зерттеушілер кеңесі Коллаборация комитетінің жетекшісі
Магистр
 8-771-411-35-59
Alibek.17@inbox.ru

 Усенов Нұрбол Ергешұлы
Жас зерттеушілер кеңесі Этика комитет жетекшісі
PhD доктор
 8-702-111-52-27
nurik_88_kaznpu@mail.ru

 

Жас зерттеушілер кеңесі Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеттің консультативтік ұйым болып табылады.

 

Кеңес қызметінің негізгі мақсаты - жас зерттеушілердің өзара тәжірибе алмасу алаңын құру және олардың ғылыми жұмыстарына ғылыми-әдістемелік қолдау көрсетуге бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру, сондай-ақ, университеттің, оның ішінде жас зерттеушілердің ғылыми жетістіктері мен еңбектерін насихаттау арқылы ғылымды танымал ету.

 

Кеңестің негізгі міндеттері:

- жас зерттеушілер кеңесіне талантты жас зерттеушілерді тарту арқылы кеңес құрамын жасақтау мен жаңарту және кеңестің мақсат-міндеттерін айқындау және жоспарын құру;
- жас зерттеушілердің өзара тәжірибе алмасу алаңын құру;
- университеттің жас зерттеушілерінің іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізуіне ғылыми-әдістемелік қолдау көрсету;
- отандық және шетелдік ғылыми және ғылыми-педагогикалық мекемелердің жас ғалымдарымен және Жас ғалымдар кеңестерімен байланыс орнату арқылы бірлескен зерттеулер жүргізу және іс-шаралар өткізу;
- университеттің, оның ішінде жас зерттеушілердің ғылыми жетістіктері мен еңбектерін насихаттау арқылы ғылымды танымал ету.


Кеңес 4 комитетке бөлінген. Әр комитеттің атқаратын өз функциясы бар:

 

Ғылыми-әдістемелік комитет. Ғылыми-әдістемелік іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу, жас зерттеушілерге ғылыми-әдістемелік бағыттарда кеңес беру, жас зерттеушілердің зерттеулерін ынталандыруға және қалыптасқан мәселелерді шешуге байланысты ұсыныстар әзірлеу жұмыстарымен айналысады.

 

Ақпараттық комитет. Ғылыми ақпараттармен жұмыс жасау бойынша іс-шаралар өткізу және кеңес беру, Жас зерттеушілер кеңесі туралы университет сайтына ақпарат беру, Кеңестің әлеуметтік желідегі парақшаларын жүргізу арқылы ғылымды насихаттау жұмыстарын орындайды.

 

Ғылыми этика комитеті. Ғылым этикасы және зерттеу мәдениеті бойынша іс-шаралар өткізу және жас зерттеушілердің арасында «ғылымдағы әдеп», «академиялық адалдық» принциптерін түсіндіру жұмыстарын жүргізу және жас зерттеушілер арасындағы әлеуметтік-тәрбиелік бағыттағы жұмыстарды ұйымдастырумен айналысады.

 

Коллаборация комитеті. Отандық және шетелдік ұйымдармен және олардың Жас ғалымдар кеңестерімен байланыс орнату және бірлесіп жұмыс жасау, университетішілік ғылыми ұйымдарымен, оның ішінде студенттердің үйірмелермен жұмыс жасау, жастарға кәсіби бағдар беру және ғылымға тарту мәселелерімен шұғылданады.

 

 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Жас зерттеушілер кеңесінің құрамы туралы Бұйрық


Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Жас зерттеушілер кеңесінің Ережесі


Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Жас зерттеушілер кеңесінің жұмыс жоспары


Жас зерттеушілер кеңесінің құрамы