қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
11.04.2018

«Абай сыйы - 2018» Республикалық пәндік олимпиадасының

ІІ тур қорытындысы

 

2018 жылы 7-8 сәуір күндері Абай атындағы ҚазҰПУ-де дәстүрлі 3-ші рет өткізіліп отырған «Абай сыйы - 2018» Республикалық пәндік олимпиадасының 2 туры өткізілді.


7-сәуір күні Қазақстанның әрбір облыстарынан, қалаларынан келген және Алматы қаласының мектеп оқушыларына және колледж бітіруші түлектерге арналған Университеттің, оның ішінде әрбір институттардың ашық есік күндері өткізілді.

 

«Абай сыйы - 2018» Республикалық пәндік олимпиадасына қатысуға 1099 мектеп оқушылары өтініш білдіріп, online жүйесінде Университет базасына тіркелген болатын.

 

Осы өтініш білдірген 1099 оқушының ішінен 535 оқушы «Абай сыйы - 2018» Республикалық пәндік олимпиадасының 2 турына өтіп, оның ішінде 135 оқушы (қазақ тобы - 123 оқушы, орыс тобы - 12 оқушы) Абай атындағы ҚазҰПУ-де 7-8 сәуір күндері өткізілген олимпиаданың 2 турына қатысты.

 

Олимпиаданың 2-ші турына Алматы қаласы және Қазақстанның 8 облысынан келген оқушылар қатысты.

 

«Абай сыйы - 2018» Республикалық пәндік олимпиадасының 2 турына ең көп оқушы қатысқан аймақтар: Оңтүстік Қазақстан облысынан - 53 оқушы; Алматы облысынан - 18 оқушы; Алматы қаласы - 16 оқушы; Жамбыл облысынан - 10 оқушы және басқада облыстардан - 38 оқушы.

 

Республикалық пәндік олимпиадасы 11 пән бойынша ұйымдастырылды. Олимпиаданың 2-ші турына ең көп оқушы биология (23 оқушы), математика (20 оқушы), химия (18 оқушы) пәндері бойынша қатысты.

 

«Абай сыйы - 2018» Республикалық пәндік олимпиадасы 2 турының жеңімпаздары 1,2,3 дәрежелі дипломдармен марапатталды. 1 - дәрежелі дипломмен 12 оқушы, 2 - дәрежелі дипломмен 16 оқушы, 3 - дәрежелі дипломмен 16 оқушы марапатталды. Жүлделі орын алмаған - 91 оқушыға 10 пайыздық жеңілдік берілген сертификаттар беріліп, 2018-2019 оқу жылының 1 жылдық оқу ақысына жеңілдікпен оқу мүмкіндігіне ие болды.

 

«Абай сыйы 2018» Республикалық пәндік олимпиадасы жеңімпаздарының тізімі