қазақша · русский · english
 
 
 

international_partner_universities_kaz

 

Халықаралық келісімдер


Абай университеті әлемдегі 24 елдің жетекші университеттерімен 140-тан астам халықаралық келісімдер жасады, оның ішінде QS World University Rankings) және Times Higher Education World University Rankings нұсқасы бойынша әлемнің үздік 500 университетінің қатарына кіретін университеттермен 15 келісім жасалды.


1. "Жоғары Экономика мектебі" ұлттық зерттеу университеті (РФ) - 399;

2. Джордж Вашингтон университеті (АҚШ) – 340;

3. Лион жоғары педагогикалық мектебі (Франция) – 184;

4. Сиань Цзяотун университеті (ҚХР) - 291;

5. Калифорния университеті, Лос-Анджелес (АҚШ) – 29;

6. Цукуба Университеті (Жапония) - 355;

7. Ресей Федерациясының тұңғыш президенті Б. Н. Ельцин атындағы Орал федералды университеті (РФ) – 473;

8. Фридрих Александр Эрланген және Нюрнберг университеттері (Германия) – 229;

9. Гранада Университеті (Испания) - 403;

10. Экс-Марсель Университеті (Франция) – 387;

11. Констанс университеті (Германия) – 478.

12. Бомбей Үнді технологиялық институты (Үндістан) - 149;

13. Нанкай университетінің әдебиет мектебі (Қытай) - 384;

14. Қазан федералды университеті (Ресей) - 396;

15. Бордо Университеті (Франция) – 465.


Бұл келісімдер академиялық алмасулар, тағылымдамалар, бірлескен зерттеулер, қос дипломды бағдарламалар, конференциялар, семинарлар, қысқы және жазғы мектептерді ұйымдастыру және өткізу бағыттары бойынша ынтымақтастық жасауға мүмкіндік береді.


Осылайша, жыл сайын жүзден астам білім алушы, сондай-ақ Абай университетінің профессорлық-оқытушылық құрамы әлемнің озық жоғары оқу орындарындағы алмасу гранттық бағдарламаларына, ғылыми тағылымдамаларға, жазғы және қысқы мектептерге қатысады.

 

Абай университетінің серіктес университеттерін көру үшін төмендегі сілтемені басыңыз

 

https://docs.google.com/spreadsheets/d/1py6y9BMEgNs0M3l0WSmQBq8bpuSA15GXeOTKEfdxWZc/edit#gid=0