|
Практикалық ағылшын тілі кафедрасы | |
Практикалық ағылшын тілі кафедрасы алғашында 1928 жылы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Филология факультетінде Шетел тілдері кафедрасы ретінде құрылды. Алғашқы кафедра меңгерушілері қатарында Г. Шварцман, М.Р. Джумабаева, К.М. Мамытбеков болды. 1997-2015 жылдар аралығында кафедраны педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор Күлтай Султановна Мұсаева және Жумағали Әбуұлы Әбуов басқарды.
2021 жылы кафедра атауы Практикалық ағылшын тілі кафедрасы болып өзгертілді, ал кафедра меңгерушісі қызметіне аға оқытушы Тулегенова Малика Балтабайқызы тағайындалды.
Кафедраның қызметі және білім беру бағыттары Практикалық ағылшын тілі кафедрасы университеттің "Филология", "Педагогика және психология", "Тарих және құқық", "Математика, физика және информатика", "Жаратылыстану және география", "Өнер, мәдениет және спорт" факультеттерінің студенттеріне шетел тілі, ілгерлемелі шетел тілі, магистранттарына кәсіби шетел тілі пәндерінен практикалық сабақтар өткізеді. Бұл сабақтар заманауи педагогикалық технологиялар мен белсенді оқыту әдістерін қолдана отырып ұйымдастырылады.
Кафедра құрамы Кафедраның профессор-оқытушылар құрамы 46,75 штаттық бірлікте (25822 сағат) бекітілген. Оның құрамында: PhD, аға оқытушы - 3 Филология ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы - 2 Магистр, аға оқытушы - 23 Магистр, оқытушы - 12.
Кафедраның саясаты мен құрылымы Шетел тілдерін оқытудың маңыздылығын арттыру - белсенді әдістерді қолдану арқылы студенттердің тілдік құзыреттілігін дамыту; Цифрлық және жаңа технологияларды қолдану - оқу процесінде технологиялық құралдарды тиімді пайдалану; Оқытушылардың кәсіби біліктілігін арттыру - тілдік, ғылыми және әдістемелік құзыреттіліктерін жетілдіру; Ғылыми-әдістемелік қызмет - кафедра мүшелерінің халықаралық және республикалық ғылыми конференцияларға қатысуы, оқу-әдістемелік құралдар дайындау, ғылыми мақалалар жариялау.
Оқу-әдістемелік кеңес Кафедрада оқытушылардың кәсіби шеберлігін арттырып, жоғары деңгейге жетуін қамтамасыз ететін оқу-әдістемелік кеңес жұмыс істейді. Кеңестің жетекшісі - Лукпанова Софья Майкеновна, аға оқытушы, тәжірибелі маман.
Кафедра бойынша жалпы мәлімет
|