Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің жанындағы «6D011800 - Орыс тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша құрылған Диссертациялық кеңесінде «6D011800 - Орыс тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша философия докторы (PhD)  дәрежесін алу үшін Куатова Гульзира Абибукировнаның «Репрезентация футуральной семантики в современном русском языке (на материале постмодернистской литературы)» тақырыбындағы диссертациясы қорғалады.
Қорғау орыс тілінде өтеді.
Диссертация Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде орындалған.
Ғылыми кеңесшілер:
 Мусатаева Манаткуль Шаяхметовна - филология ғылымдарының докторы,  Абай атындағы Қазақ  ұлттық педагогикалық университетінің профессоры,  Алматы  қ., Қазақстан.
 Кожакеева Шырын Темирбековна -  педагогика ғылымдарының кандидаты,  Абай атындағы Қазақ  ұлттық педагогикалық  университетінің профессоры,  Алматы  қ., Қазақстан.
 Киклевич Александр Константинович - филология ғылымдарының докторы,  Вармин-Мазур университетінің профессоры, Ольштын, Польша.
 Рецензенттер:
 Сулейменова Элеонора Дюсеновна -  филология ғылымдарының докторы,  аль-Фараби  атындағы Қазақ  ұлттық   университетінің профессоры, ЖМ ХҒА академигі, орыс тілі мен әдебиеті оқытушыларының Қазақстандық ассоциациясы президенті (шифр:  10.02.19 -  тіл теориясы) Алматы  қ., Қазақстан.
 Қабдолова Қарлығаш Лекеровна -  педагогика ғылымдарының докторы, Абылайхан атындағы   Халықаралық Қатынастар және Әлем Тілдері Университетінің  профессоры (шифр: 13.00.02 -  оқыту және тәрбиелеу теориясы мен әдістемесі (бастауыш, орта және жоғары білім жүйесіндегі орыс тілі), Алматы қ., Қазақстан.
 Қорғау 2019 жылғы 20 желтоқсанда сағат 14.00-де Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің жанындағы диссертациялық кеңесінде өтеді. Мекен-жайы: 050010, Алматы қаласы, Достық даңғылы, 13, Бас оқу ғимараты (3-қабат, 320-кабинет). Сайттың мекен-жайы: www.kaznpu.kz   
 
Аңдатпа
Ғылыми жарияланымдар тізімі
 
Диссертацияны қорғау барысында түсірілген бейне жазба
Философия докторы (PhD) дәрежесін беру туралы бұйрық