қазақша · русский · english
 
 
 
09.12.2019

«Шыныққан шымыр әрқашан...» сайысы

 

2019 жылдың 7 желтоқсаны күні Филология және көптілді білім беру институты белсенділерінің ұйымдастыруымен Тәуелсіздік күніне орай «Шыныққан шымыр әрқашан» студенттер арасындағы волейболдан дүбірлі жарыс өткізілді. Аталған жарысқа «Филология», «Қазақ тілі мен әдебиеті», «Орыс тілі мен әдебиеті», «Екі шет тілі» мамандықтарының 1,2,3,4 курс студенттері мен 1 курс магистранттары қатысты. Айтулы іс-шараға Филология және көптілді білім беру институты директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ерлан Қасенов төрелік жасады.

 

Бұл шараға 1, 2, 3 курс бойынша 4 ерлер және 4 қыздар командасы қатысты. Қыздар арасындағы жарыс қорытындысы бойынша 1-ші орынды 1 курс студенттерінен құралған «Екі шет тілі» мамандығының құрама командасы, 2-ші орынды «Филология» мамандығының құрама командасы, 3-ші орынды «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының құрама командасы иеленді.

 

Ерлер арасындағы жарыс қорытындысы бойынша 1-ші орынды 2 курстар студенттерінен құралған «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы магистранттарының құрама командасы, 2-ші орынды «Филология» мамандығының құрама командасы, 3-ші орынды 1 курс студенттерінен құралған «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының құрама командасы иеленді.

 

Қыздар арасындағы волейбол жарысы бойынша «Үздік шабуылшы» атағын «Екі шет тілі» мамандығының 2 курс студенті Гүлдана Хайролла иеленсе, «Үздік доп беруші» атағына 1 курс студенті Рана Ерсінқызы, ал «Үздік ойыншы» атағына «Филология» мамандығының 1 курс студенті Карина Әділетқызы ие болды.

 

Ерлер арасындағы волейбол жарысы бойынша «Үздік шабуылшы» атағын «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 1 курс студенті Диас Аманбек, «Үздік доп беруші» атағын 2 курс магистранты Баубек Жұмаш, «Үздік ойыншы» атағын «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 2 курс студенті Қастер Нұрсәлім иеленді.

 

Филология және көптілді білім беру институты студенттерінің өнеріне көрермен қауым ерекше қуанып, ризашылығын білдірді.

 

   

 

   




Кері оралу