қазақша · русский · english
 
 
 
06.12.2019

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған мереке

 

2019 жылдың 5 желтоқсанында Филология және көптілді білім беру институтының орыс тілі мен әдебиеті кафедрасында Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік кеш өтті.

 

Бұл мерекені «Орыс тілі және әдебиеті» мамандығының 2-ші курс студенттері ұйымдастырып, оған 1 және 3 курс студенттері қатысты. Кеш қонақтарына арналып халық және заманауи әндер, ұлттық билер, домбырада орындалған музыкалық шығармалар қойылды.

 

№12 гимназияның 2-ші сынып оқушылары осы кештің ең жас қатысушылары болды. Олардың «Аққу» биі көрермендердің жылы қол шапалағымен аяқталды.

 

Институт директоры, профессор Балтабай Әбдіғазыұлы жиналғандарды келе жатқан мерекемен құттықтап, болашақ жас әріптестеріне шығармашылық өрлеу мен халықтық мәдениетті сүюді тіледі.

 

   

 

   




Кері оралу