қазақша · русский · english
 
 
 
22.11.2019

Магистранттардың педагогикалық тәжірибесінің нәтижелері

 

Филология және көптілді білім беру институтының «Аударма ісі» мамандығының 2-ші курс магистранттарының үш апталық тәжірибесі аяқталды.

 

Магистранттар: Айжан Әуелбекова, Дамиля Адилова, Айнур Болысбек, Нұрсұлу Умиртасова және Жадыра Аяпова Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Филология және көптілді білім беру институтының бакалавр «Аударма ісі» мамандығы базасында педагогикалық тәжірибеден өтті.

 

Шығыс филологиясы және аударма кафедрасының меңгерушісі, доцент Ерғали Есбосынов, тәжірибе жетекшісі, профессор Айгүл Жұмабекова, «Аударма ісі» мамандығының бакалавриат оқытушылары Нұржамал Шенгелбаева, Светлана Копбаева, Айгерім Себдайырованың қатысуымен магистранттардың ашық сабақтар өткізуі мен педагогикалық тәжірибеден өтуін қорытындылады. Магистранттар барлық қажетті құжаттарды жинақтап ұсынды. Оқытушылардан, сондай-ақ магистранттардан да ұсыныстар мен ескертулер айтылды, пікір алмасты.

 

Қорытындылай келе, Айгүл Жұмабекова аталған магистранттардың педагогикалық практикасы өте нәтижелі болғандығын, болашақ мұғалім ретінде өздерінің білімдері мен дағдыларын сәтті көрсеткендерін атап өтті. Барлық магистранттар оң пікірлер мен жоғары баға алды.

 

   

 

   




Кері оралу