қазақша · русский · english
 
 
 
25.11.2019

Қазақстан қалаларының мұғалімдері жаңа оқулықтармен танысуда

 

Филология және көптілді білім беру институтының орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы Дина Сабирова және кафедра тағылымдамашысы, Слупскдегі (Польша) Померания академиясының докторанты Дота Домата Сметана-Болвако 2019 жылдың 30 қазанынан 2019 жылдың 20 қарашасына дейін «11 сыныпқа арналған орыс әдебиеті бойынша оқулықтар мен оқу құралдарын жасау. Білім мазмұнынын жаңартудың жол картасы» бағдарламасына қатысты.


Бағдарлама аясында олар Тараз, Шымкент, Қызылорда, Ақтөбе, Орал, Атырау, Ақтау қалаларында болды. Семинар «Оқулық» атты Республикалық ғылыми-практикалық орталығының, оқу әдебиетінің авторлары мен сарапшыларының, мектеп мұғалімдері мен қоғам қайраткерлерінің қатысуымен өтті. Іс-шараның мақсаты - жаңартылған мазмұны бар оқулықтардың ерекшеліктерін түсіндіру, оқулықтардың сапасын жақсарту бойынша атқарылған жұмыстармен танысу. Талқылаудан кейін қатысушылар мектеп мұғалімдеріне әдістемелік көмек көрсету бойынша өз ұсыныстарын айтты.


Семинарда ұсынылған «Алматыкітап» баспасының орыс тілінде оқытатын мектептерінің 11 сыныптарына арналған «Орыс әдебиеті» оқулығы мұғалімдердің оң бағасын алды.


Семинар барысында Д.Сабирова оқытушылар мен студенттерге жоғары сапалы әдебиеттер ұсынатын «Алматыкітап» баспасының Opiq веб-сайтын ұсынды. Opiq та орналасқан оқу материалын өз саласының мамандары - ғалымдар, редакторлар мен оқытушылар жасады.

 

   




Кері оралу