қазақша · русский · english
 
 
 
12.11.2019

ҚР мұғалімдерімен жаңа оқулықтарды талқылау

 

2019 жылдың 3 - 10 қараша аралығында философия ғылымдарының докторы, профессор, Филология және көптілді білім беру инcтитуты орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі Сәуле Әбішева мектеп оқулықтарын қоғамдық және кәсіби талқылауға арналған Жол картасын жүзеге асыруға қатысты. Орыс тілінде оқытатын мектептердің 11 сыныптарына арналған «Орыс әдебиеті» оқулығы авторлары тобының жетекшісі ретінде («Алматыкітап Баспасы» баспа үйі) С.Әбішева Нұр-Сұлтан, Павлодар және Қарағанды қалаларында болып, мұғалімдермен кездесіп, оқулығын ұсынды.

 

Республиканың мұғалімдері білім берудің жаңартылған мазмұнының талаптарына сәйкес жасалған оқулықты қызығушылықпен қарсы алып, олар осы кітапта жұмыс істеудің үлкен шығармашылық мүмкіндіктері бар екенін жеткізді.

 

   

 

   

 

   




Кері оралу