қазақша · русский · english
 
 
 
02.10.2019

Біз «Гуманитарлық білім» жобасын іске асырамыз.
Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық.

 

2019 жылдың 30 қыркүйегінде орыс тілі мен әдебиеті кафедрасында «Рухани Жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру шет елдердің мамандары жазған ең таңдаулы оқулықтардың қазақ тіліне аударылған нұсқаларының тұсаукесері өтті.


Кафедраның аға оқытушысы Закира Көкенова Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің нұсқауларына сәйкес ұсынылған әдебиеттер бойынша презентация ұсынды. Қазақ тіліне аударылған оқулықтар тізімінен тіл білімі мен әдебиеттануға арналған оқулықтар таңдалып алынды.


Спикер лингвист ғалым, Калифорния университетінің экономика бакалавры, Берклидің магистрі, ғылым докторы, лингвистика кафедрасының меңгерушісі және АҚШ лингвистикалық қоғамының президенті Виктория Фромкиннің «Тіл біліміне кіріспе» оқулығына толығырақ тоқталды. Нысандар мен процестерді нақты сипаттау, ақпаратты ұсыну тәсілдеріндегі педагогикалық бағыт және инновациялық міндеттер студенттердің қызығушылығын тудырды.


Кафедра оқытушылары В. Фромкиннің «Тіл біліміне кіріспе» оқулығын оқу процесінде, сонымен қатар студенттер мен магистранттардың ғылыми жұмыстарын басқаруда қолдануға шешім қабылдады.

 




Кері оралу