қазақша · русский · english
 
 
 
01.07.2019

Слипск қаласындағы (Польша) Абай атындағы Қазақстан
мәдениет және ғылым орталығында

 

2019 жылдың 28 маусымында Қазақстан Республикасының Гданск қаласындағы құрметті консулының көмекшісі Йоанна Насырова ханым Слупск қаласы (Польша) Помор академиясындағы Абай атындағы қазақ мәдениеті мен ғылым орталығында болды.


Померан академиясының ректоры, профессор З.Осадовский және орталықтың директоры, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының түлегі, қазіргі кезде Помор академиясының докторанты Максим Пономаренко қатысқан ресми кездесуде екі жақты ынтымақтастықты дамыту және өзара мәдени алмасу мәселелері талқыланды.


Консулдық Абай атындағы ҚазҰПУ-ға, орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының оқытушылары мен студенттеріне алғысын білдірді.

 

   

 

   

 

Орыс тілі мен әдебиеті кафедрасы




Кері оралу